jasqazaq.kz

Астанада 500 млн теңгеге жер сатылған

03 қараша 2016, 21:13

snimok

Бүгін Бас прокуратураның жерді өз бетімен басып алуға қарсы іс-қимылдар мәселелері бойынша алқасында жалған құжаттар бойынша жерлерді сатқан алаяқтарға қатысты қылмыстық істердің кейбір мәселелері айтылды. Жиында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко шенеуніктер мен алаяқтар жалған құжаттарды жасап, Қосшыдан 500 млн теңгеге жер телімдерін заңсыз сатып жібергенін айтты.

«Астанадағы Қосшы елдімекенінде қылмыскерлер жерді беру туралы құжаттарды қолдан жасаған және оларды сатқан. Жақын арада қылмыстық іс сотқа беріледі. Мұндай 370 жер телімі анықталып отыр. Қылмыскерлер оның жартысын сатып үлгерген. Бұдан олар жарты миллиард теңге табыс тапқан. Нәтижесінде 187азамат жапа шекті.Қылмыстық жауаптылыққа 24 лауазымды тұлға тартылады. Олардың 15-і қамауда.Осыған ұқсас жағдай Жымбыл облысында да болды. Онда жалған құжаттар бойынша фермерлерге тиесілі 270 учаске сатылған. Кінәлі адамдар сотталды», –дейді А.Кравченко.

Оның айтуынша, алаяқтар ешқандай құжаттары жоқ бола тұра сенгіш азаматтарға жерлерді сатып отырған. Ақшаны қабылдау туралы қолхат қана жазып берген.

«Осындай жолмен 61 учаске сатылған. Ақмола облысының Қоянды ауылында 65 жер сатылған. Кінәлі адамдар ұзақ уақытқа қамауға алумен сотталды», –дейді Бас прокурор.

Baq.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді