Астанада 26 мың оқушының орын тапшылығы шешіледі

01 тамыз 2023, 16:33

Бас қаланың мектептерінде 26 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Осы мәселені шешу үшін 11 мектеп салынып жатыр.

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев осылай дейді. «Қазіргі таңда мектептерде 26 454 орын тапшылығы бар. Бүгінде орын тапшылығын жою мақсатында елордада 15 700 орынға арналған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр», — деді Қ. Сенғазыев Астана коммуникациялар орталығында өткен брифингте.
Сонымен қатар, Президент тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 24 ірі мектеп ашылады.

Бұл мектептерде 90 мыңға жуық оқушы екі ауысымда білім ала алады.Алдан-ала көрсеткіш бойынша биылғы жаңа оқу жылында бас қаланың мектептеріне 255 мыңға жуық оқушы барады. Ал бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала қабылданады.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады