jasqazaq.kz

Астанада 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

08 желтоқсан 2025, 15:06

8 желтоқсан күнгі жауған қар Астанадағы көлік қозғалысын қиындатты. Астана полициясы жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Астана полиция департаментінің мәліметі бойынша, күн басынан бері 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Құқық қорғау органдары жылдамдық шегі мен қашықтықты сақтап, оқыс қозғалыстан аулақ болуға және жаяу жүргіншілер өткелі мен қиылыстардың алдында жылдамдықты азайтуға кеңес берді.

— Сонымен қатар, көлігіңіздің техникалық жағдайына ерекше назар аудару керек. Қыс мезгілінде көліктерді тек қысқы шиналармен жүргізуге рұқсат етілетінін еске саламыз. Бұл ережелерді бұзу айыппұлға әкеп соғады, — деп атап өтті полиция.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 8 желтоқсан күні түнде қардың қалыңдығы екі сантиметрге жеткен. Таңертеңнен бері қала бойынша көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, алты ауданда қар тазалауға шамамен 3000 жол жұмысшысы және 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді