Астана: жарық сөнгенде ауруханалар мен перзентханаларда оқыс жағдай тіркелген жоқ

30 қазан 2023, 19:11

Бүгін Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы электроэнергия саласындағы өзекті мәселелер» туралы брифинг өтті.

«Ауруханалар мен перзентханаларда оқыс жағдайлар тіркелген жоқ. Барлық науқас толық көлемде медициналық көмек алды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, — деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Қаладағы барлық ауруханада генераторлар бар. Олар электр қуаты болмаған кезде өздігінен қосылады. Алматы және Байқоңыр аудандарының ауруханалары генераторлардың көмегімен медициналық ұйымдарда электр қуатын ішінара қосқан.

Бірінші кезекте электр энергиясы жан сақтау және терапия бөліміне сондай-ақ операциялық блоктарда жүзеге асырылады. Ауруханалардың қалған бөлімдері мен палаталарында жарық болмады. Себебі бірінші кезекте генераторлардың көмегімен жан сақтау бөлімі мен операциялық блоктар электр қуатына қосылады. Авариялық жұмыстар қалпына келтірілген соң жарық барлық корпусқа берілді.

JQ-Aqparat

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу