jasqazaq.kz

Астана тұрғыны 11 000 долларға криптовалюта сатып алған

04 желтоқсан 2017, 13:11

Астаналық тұрғын алматылықтан 11200 долларға криптовалюта сатып алған. Полиция 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер криптовалюта алаяқтығына қатысты деген күдікпен 28 жастағы алматылық жігітті ұстады.

«Полицияға Астана қаласының екі тұрғыны өздерін белгісіз бір жігіт алдап кеткені туралы арыз түсіреді. Ол алаяқтық жолмен астаналықтардың ақшасын алып алған. Зардап шегушінің айтуынша, ол сайттан криптовалюта сатылатыны жайлы жарнама тауып алып, сатушымен кездеседі. Сатушымен кездескен кезде ол криптовалюта сатып алу үшін 11 200 доллар берген», — дейді полицияда.

Аталған іс бойынша «Алаяқтық» фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласы ІІД ақша операцияларына қатысты аса сақ болуға шақырады. Алаяқтың арбауына түсіп, зардап шеккендер болса Есіл ауданы ІІБ хабарласуларын сұрайды. Байланыс тел: +7 (7172) 71 65 50 и +7 700 099 96 79.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда