jasqazaq.kz

Астана ғылым мен білім қозғалысының алаңына айналады: 2026 жылғы 11 сәуірде елордада бесінші мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026: FLOW OF SCIENCE өтеді

10 наурыз, 16:03

2026 жылғы 11 сәуірде Астана қаласындағы AIFC EXPO алаңында жыл сайынғы ғылыми-көпшілік PRO.NRG Fest 2026: FLOW OF SCIENC фестивалі өтеді. Фестиваль Қазақстан Республикасының Ғылым күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Білім және ғылыми зерттеулер жылы аясында өткізіледі. Іс-шараға 7000-нан астам оқушы, педагог, ата-ана, ғалым, бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуы күтілуде.

PRO.NRG FEST 2026 білім беру саласындағы ғылым, өнер және технологияларға арналып, өз тақырыбын білімнің үздіксіз ағыны ретіндегі су метафорасы арқылы ашады. FLOW OF SCIENCE тұжырымдамасы ғылымды бастаудан нәтижеге дейінгі қозғалыс ретінде қарастырады: бастаулар — зерттеу сұрақтары мен гипотезалар; ағындар — мектеп командалары, педагогтер және ғылыми пәндер; тереңдік — талдау мен эксперименттер; тоғысу — жаңалықтар мен практикалық шешімдер. Фестиваль зерттеушілік ойлау мен инженерлік тәсілдердің ғылыми таным мәдениетін қалай қалыптастыратынын және олардың білім беру ортасында қалай қолданылатынын көрсетеді.

Фестиваль бағдарламасы бірнеше мазмұндық бағыт бойынша құрылған. «Ғылым және су» атты орталық дәріс ағыны табиғи үдерістер, тұрақты жүйелер және судың адам өміріндегі рөлі туралы ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми-көпшілік баяндамаларын біріктіреді. «Зерттеушілік ойлау» бағыты педагогтер мен білім беру саласының басқарушыларына арналған және STEAM тәсілдерін, жобалық оқытуды және тәлімгерлікті дамытуға бағытталған. Art & Science форматы жарық, дыбыс және визуалды инсталляциялар арқылы ғылыми үдерістердің көркем әрі аудиовизуалды ұғымды ұсынып, ғылымды мәдени әрі шығармашылық құбылыс ретінде танытады. «Болашақ технологиялар» бағыты сәулет, машина жасау, экология, су ресурстарын тұрақты дамыту және қолданбалы шешімдер салаларындағы оқушылар мен серіктестердің инженерлік-технологиялық жобаларын біріктіреді. «Жаңа буын білімі» көрме блогы мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының білім беру модельдерін таныстыру алаңына айналады.

2026 жылы фестиваль педагог пен оқушы зерттеу жобасының тең авторлары ретінде қатысатын бірлескен қатысу моделін енгізеді. Сонымен қатар фестиваль аясында геймификация элементтері жүзеге асырылады: қатысушылар ғылыми маршруттардан өтіп, өз жетістіктерін тіркеп, ұпай жинай алады. Осылайша олар білімнің «бастауынан» «тоғысуына» дейінгі жеке траекториясын қалыптастырады.

PRO.NRG Fest 2026 аясында сіз ғылымды тек сырттай бақылап қана қоймай, оның бір бөлігіне айналасыз: геймификацияланған миссиялардан өтіп, жетекші сарапшылармен пікір алмасып, ертең-ақ тәжірибеде қолдануға болатын идеяларды ашасыз. Бұл — шабыт алуға, пайдалы байланыстар орнатуға және болашақты бірге құрып жатқанымызды сезінуге мүмкіндік.

Қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық. Алдын ала тіркелу мына сілтеме арқылы жүзеге
асырылады: https://pronrg.kz/reg2026
Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/pro.nrg.fest
Іс-шараның ресми сайты: https://pronrg.kz

JQ-Aqparat

06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері