jasqazaq.kz

Астанаға Елбасының есімін беруді ұсынды

23 қараша 2016, 12:07

snimok

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатқан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл туралы жобаны таныстырған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты. «Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», — деді Сұлтанов. Оның атап өтуінше, біздің тұтас мақсатымыз — Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз — Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа ұрпақтарымызға аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу. «Тәуелсіздік біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», — деді депутат.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді