jasqazaq.kz

«Ассамблея жастары» — жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс

10 қазан 2025, 18:12

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуде мәдени мұраның алар орны ерекше екенін атап өтті.

Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық өкілдігінің мүшелерімен өткен кездесуде шымкенттік «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі жайлы айтқан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев еліміздегі үшінші мегаполис жастарының белсенділігін тілге тиек етті. Тамызда Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» ұйымының «Біз біргеміз» лагерін лайықты өткізгенін хабарлап, Достық үйі базасында ашылған комьюнити орталық қалалық өкілдіктің жұмысын жақсартып, жаңа деңгейге көтеретіні туралы атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары белсенді жастармен өткен жүздесуде қазақстандық патриотизмді дамыту, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы жас буынмен еркін форматта пікір алмасты.

🔹Жаңа есімдерді қоғамға таныстыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау қағидаларын насихаттау мақсатында әзірленген «Жаңа толқын» жобасы мен «Таза Қазақстан» акциясына «Ассамблея жастары» ұйымының тұрақты асалысуын үйлестіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар мен қолға алған жобаларды нәтижелі іске асыру жайына айрықша тоқталды.

«Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс. Ассамблея ел жастарын қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды жалғастырады. Біз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу жолында жастармен бірлесе жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беруге әрдайым дайынбыз», – деді Марат Алмасұлы.

Кездесуді қорытындылаған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алда бірлесе атқарар жұмыс жайын пысықтап, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділері Нұрболат Мейірбеков, Муроджан Ирисметов, Шахнозабону Жаналиева, Асия Манапова, Ибрахим Висханов сынды белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде ұйым мүшесі Акрам Ирисметов домбыраман ән салып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады