jasqazaq.kz

«Ассамблея жастары» Шымкентте бас қосты

25 тамыз, 22:04

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты.
Шымкент қалалық ҚХА мен «Ассамблея жастары» ұйымының ұйытқы болуымен «Красные скалы» демалыс аймағында өткен лагерьдің мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, патриоттық рухты күшейту және Мемлекет басшысының нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сынды әлеуметтік кеселдерден арылу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру.
Қатысушылар үшін Team Coaching, Career Coaching, Relationship Coaching, құқықтық сауаттылық және Life Coaching бағыттарында тәжірибелі мамандар дәрістер өткізді. Спикерлер қатарында «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «AMANAT» партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, жастар жанашыры Жандос Қалтаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, пікірсайысшы, жаттықтырушы Алмас Толықбаев, кәсіби профориентатор Сейдулла Исмаил болды.
Сонымен қатар, жастар Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспановпен кездесті. Спорт шебері жастарға салауатты өмір салтының мән-маңызын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Оқу-ағарту әрі жастардың жалпыұлтық бірлік төңірегіне топтастыруды межелеген лагерь аясында спорттық ойындар, бампербол сайысы, өнер байқаулары мен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, жастардың достығы мен ынтымағын арттыруға бағытталған іс-шаралармен өз жалғасын тапты.
Айта кетейік, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясында жастар бастамаларын қолдау және әлеуметтік белсенділігін дамыту, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыруға жәрдемдесу, жастардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оны танымал ету және этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету процесіне тарту, патриоттық бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларды, этносаралық және мәдениетаралық диалогты өткізуге этномәдени және өзге де бірлестіктердің жастарын тарту, жастар арасында волонтерлік пен қайырымдылық қызметті дамытуға қолдау көрсету.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда