Аслан мен Сағынбек те Сирияда жүр

03 наурыз 2017, 16:07

Атыраулық Аслан – уахабилік ағымға ерушілердің бірі. (Белгілі себептерге байланысты азаматтардың тегі аталмайды). Сотқа дейінгі тергеу материалдарынан белгілісі, Асланның ұстанған «ілімі» радикалдық идеялардан тұрған. Дінге өз бетінше ізденумен келген ол, ілімді түрлі ғаламтор сайттарынан ала бастайды. Сирия соғысына барып қатысу туралы шешім қабылдауына да сол интернеттен тапқан «ұстаздарының» «жол көрсетуі» ықпал етсек керек.

Бұл ойын жігіт жұбайы Назгүлге айтады. Сөйтіп, бұлар екі бірдей сәбиімен бірге Сирияға аттануға бел буады. Жолға жеткілікті қаражат жинау үшін, Аслан 2013 жылы шыққан «Hundai Accent» көлігін өзі сияқты радикалдық идеяны ұстанып жүрген досына 650 мың теңгеге сатып жібереді. Бірақ бұл ақша тұтас отбасын әкетуге жеткіліксіз еді. Сол себепті Аслан Сирияға әуелі өзі аттанып, әйелі мен балаларын кейін алдыртпақ болады. Жоспары сәтті шығуы үшін, жұбайының атына нотариалды куәландырылған сенімхат жазып кетеді. Онда әйеліне кішкене сәбилерді Қазақстанның кез келген қалаларына және Ресей, Түркия, Германия елдеріне алып жүруіне рұқсат беретіндігі айтылады.


Сөйтіп, Атырау облысының шекаралық аймағы саналатын Құрманғазы ауданы арқылы Астрахан қаласына автокөлік транспортымен жеткен жігіт, сол қаладан Мәскеуге ұшып кетеді. Мәскеу арқылы Ыстамбұлға жетіп, отбасын осы қалада күтеді. Бұл 2014 жылдың 26 маусымы еді. Арада тура бір жыл, төрт күн өткенде әйелі Назгүл күйеуі жіберген ақшаны алып, балаларымен бірге жолға шығады. «Атырау – Ыстамбұл» бағытындағы №869 чартер рейспен Түркияға жеткен әйел-баласын күтіп алған Аслан отбасымен бірге Сирияның шекарасына заңсыз өтіп кетеді. Оларға халықаралық террористік ұйым ДАИШ-тің жендеттері көмектеседі. Дәл қазіргі таңда Аслан лаңкестік ДАИШ ұйымының құрамында соғысып жүр. Айта кету керек, халықаралық іздеу жарияланған Аслан да, оның жұбайы Назгүл де 1989 жылы туған.
ДАИШ жендеттерінің қатарын толықтырып жүрген отандасымыздың бірі – Сағынбек. 1989 жылы туған атыраулық жігіт те қазір, өзінен үш жас кіші әйелі Балаузамен бірге Сирияда жүр. 2014 жылдың 14 ақпаны күні мемлекеттік шекараны кесіп өтеді. Астрахан арқылы Ыстамбұлға жеткен бұл отбасы да, өзімен бірге сол кезде әлі бір жасқа да толып үлгермеген кішкене сәбиді алып кеткен. Түркия арқылы Сирияға отбасымен бірге заңсыз өтіп кеткен Сағынбек те қазір «жиһад» деген желеумен жат жерде жүр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау қаласы

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды