jasqazaq.kz

Асқарбек Ертаев еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

27 қантар, 15:45

Мемлекет басшысының Жарлығымен  Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq kz Ақордаға сілтеме жасап.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2014 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. — Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021-2022 жж. —  Қазақстан Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. — Премьер-Министр Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жж. — еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

2024-2025 жж. — еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге