Әскери музейдегі әсерлі кездесу

31 қантар, 16:09

Л.Е.Гумилев атындағы Еуразия университеті әскери кафедрасының студенттері үшін әскери тарих пәні бойынша дәрістер әдетте ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде өтеді.

Бұл жолы біз ХХ ғасырдың аяғындағы жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстар тақырыбымен таныстық. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу және даму тарихын, оның ішінде қазақстандық әскери қызметшілердің бітімгершілік қызметін жете зерттедік.

Соңғы тақырып біздің тарапымыздан зор қызығушылық тудырды. Өйткені қазақстандық жауынгерлердің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Ирак, Батыс Сахара, Ливан және тағы да басқа мемлекеттерде бітімгершілік миссиясына қатысқандарын естіп жүрдік. Бірақ, ең алғашқы бітімгерлеріміз туралы, олардың бастарын қаншалықты қауіпке тігіп, өте күрделі жағдайда қызмет атқарғандары жайлы білмейді екенбіз.

Бұл туралы студенттерге өткен ғасырдың 90-шы жылдарында тәжік-ауған шекарасында сегіз жыл бойы «тірі қалқан» болып тұрған Қазбаттың командирі, ҚР Қарулы Күштернің ардагері, запастағы полковник Жанарбек Мәдединов әңгімелеп берді.
Ең әуелі 1994 жылы Қазбаттың қатарында ерлікпен қаза тапқан, «Айбын» орденінің иегері Раджан Батырханов пен оның қарулас достар туралы деректі фильмді тамашаладық.

Содан соң полковник Жанарбек Мәдединов қаһармандықтың үлгісін көрсеткен сол ұрысқа егжей-тегжейлі тоқталды. Қарулы қақтығыстардың ардагерлері Раджан Батырханоқа Халық Қаһарманы атағын беру туралы ұсыныс жасапты. Біз ұсынысы жерде қалмайды деп үміттенеміз.

Конағымыздың өзі болса тәжік ауған-шекарасына Қазбатты екі рет (бірінші рет штаб бастығы, сосын батальон командирі ретінде) бастап барып, екеуінде де жүктелген тапсырманы абыроймен орындап, жауынгерлерін отты нүктеден еш шығынсыз шығарған екен.
Жалпы 1994 жылдың маусымынан 2001 жылдың ақпанына дейін ТМД-ның оңтүстіктегі ортақ шекарасын қорғауға он мыңнан астам қазақстандықтар қатысты. Олар шын мәнінде еліміздің ең алғашқы бітімгерлері болатын.

Осы уақыт ішінде Қазбаттың жеке құрамы елу рет қарулы қақығыстарда ысылып, жүзден астам шекара бұзушылықтың бетін қайтарып, бірнеше тонна есірткі заттарын, қаншама қару-жарақтарды тәркілеген.
Өкінішке орай адам шығына да орын алыпты. Жанарбек Мәдединовтің айтуынша сегіз жылдың ішінде 32 жауынгер қаза тауып, 38 сарбаз жарақат алған көрінеді.

Отан алдындағы борышын өтеудегі ерлігі үшін 55 әскери қызметші жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Жыл өткен сайын олардың бейнесі биіктеп, асқақтай бермек. Себебі ерлік ешқашан ұмытылмайды.

Дидар Серіков,

ЕҰУ Әскери кафедрасының студенті

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды