Ащыбұлақта үш адамды өлтіріп, үйді өртеген күдікті ұсталды

17 қыркүйек 2023, 11:13

Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.
«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.
14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылған болатын. «Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», — деді Әленов.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді