jasqazaq.kz

Асхат Садырбай: Димаш спортшылар сияқты допингтің арқасында жеңіске жеткен жоқ

31 қантар 2017, 13:05

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» байқауының екінші кезеңінде қара үзіп, көш бастағаннан кейін-ақ оған дән риза болған қазақ қоғамы түрлі пікірлер айтып жатыр. Белгілі тележурналист Асхат Садырбай да қақас қалмапты. Әлеуметтік желіде өз ойын білдіріп, Димашқа лайықты құрмет көрсетілуі керектігін тілге тиек еткен.

«Димаш өзін саxнада өте әдемі ұстады. Қорқып тұрған жоқ, толқып тұр. Бірақ онысы өте шынайы. Әнді өте әдемі орындады. Кей жерде қытайдың микрофонын ары-бері сермеп еркелеп те алды. Өзіне сондай жарасымды, үйлесімді, кешірімді. Әнші саxнада ойнау керек, актер болу керек. Димаш санаулы минуттың ішінде сәті келгенде актерлік қабілетін көрсетіп те үлгерді. Димаш әлем жұлдызы. Мен бұны оның өзіне де айттым. Мойындағысы келмегендер шақырсын мойындатады. Спортта жеткен жетістіктеріміздің соңы анандай боп көңіліміз түсіп кетіп еді. Спортшылар допингтің арқасында қаншама құрмет-қошеметке ие болды. Ал, Димаш ешқандай допингсіз-ақ таза күшпен жеңіске жетуде. Лайықты құрмет көрсетілсе игі. Димаш жеңімпаз. Көрермен дән риза. Қатысушылардың байқауға деген ынталары құрып кеткен сияқты. Түрлерінен көрініп тұр. Руxы өр, намысы биік қазақтың ұрпағымыз ғой. Сындырмасақ неғып жүрміз? Жарайсың!»-дейді журналист.

reactor.inform.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді