Әсел Сәдуақасова: Кино – менің алғашқы махаббатым

09 тамыз 2023, 11:56

Актриса Әсел Сәдуақасова ұзақ үзілістен кейін киноға қайта оралатынын ашып айтты.
«Мен киноға ораламын. Кино – менің алғашқы махаббатым. Бала кезімнен танымал болуды, теледидардан көрінуді армандайтынмын. Алматыға көшіп келгенде 16 жаста едім. Сол кезде еш ойланбастан барлық кастингке қатысып, модельдік агенттіктерге баратын едім. Еш жер қабылдамады. Бірақ арманыма берік едім. Тек жарты жылдан кейін «Дауыс International» тобына қабылдандым. Кейін «Саранча» фильміне шақырту алғанда өмірім түбегейлі өзгерді. Түсірілім алаңында жүріп киноға ғашық болдым. Осылайша актриса болғым келетінін түсіндім. Топта ән айтып жүріп, көптеген кастингке бардым. Барлығы менің талантымды мойындағанмен, түр-әлпетім кино кейіпкеріне сәйкес келмейтін. Кезекті бір кастингте мені қабылдамай қойды. Сонда мен өзіме кинопродюсер болуға, барлық рөлдер маған арналып жазылатын танымал актриса болуға уәде бердім», – дейді.
Актриса жаңа бастамасы туралы айтты. Ол кезекті туындысын әйелдерге арнамақ. Бұл жолы да басты кейіпкер өзі.
«Өзіме жаңа мақсат қойдым. Арада 7 жыл өткен соң мақсатыма жеттім. 29 жасымда кинопродюсер болдым. Расымен де, барлық рөлдер маған арналып жазылды. Осылайша, кино менің алғашқы махаббатыма айналды. Ойлап көріңіздерші, 5 жылда 11 фильм түсірдім. Күні кеше киноға қайта оралу туралы ой келді. Барлық фильмде мен түрлі кейіпкерді ойнадым, бірақ олардан өзімді таппадым. Мансабымдағы үзіліс 4 жылға созылыпты, мен өзгеріппін. Ендігі киноға жаңа Әсел болып түскім келеді. Бұрыннан бері әйелдер жайлы фильм түсіргім келетін. Менің өмірім туралы ғана емес, барлық әйелдің өмірлік жолы жайлы кино түсіремін деп шештім. Ешқандай жасандылықсыз, таза күйде», – дейді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады