Әсел Сәдуақасова: Бұл жағдай бізді жақындастырды

20 қазан 2023, 10:34

Актриса Әсел Сәдуақасова отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде басынан өткен ауыр жағдайды баяндап берді.

«Өте үлкен күйзелісті бастан кештік. Сәуір айының соңында Қазақстанға келуіміз керек болған. Біз үйленеміз деп ойламадық. Бірге тұрамыз деп шештік. Алайда мен аяғым ауыр екенін білемін. Қазақстанға келгенде, ата-аналарымызға айттық. Олар «Үйленіңдер» деді. Біз де келістік. Уақыты келгенде айтамын деп жүргенмін. Біреу «Аяғы ауыр боп қалып, күйеуге шықты» десе де, мән бермейтін едім. Тіпті бірге тұрсақ та, бәрібір ғой. Алайда біз үйленуге шешім қабылдадық. Мен өмір бойы армандаған үйлену тойы болды. Бізде үйленгеннен кейін ұрыс, дағдарыс басталды. Мен оған бөлек тұруды ұсындым. Себебі, бұл балаға кері әсер ететін еді. Аяғым ауыр. Маған бұлай жүйкемді жұқартуға болмайды дедім. Сол уақытта мен өте сезімтал болдым. Болмайтын нәрсеге жылайтын едім. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, бірге уақыт өткізе бастадық.
Жүктілікті медициналық көрсетілім бойынша тоқтатқанын айтты. Екі аптадан кейін екінші скрининг болуы керек еді. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасы болатын. Осы скринингте баланың дамуында өзгеріс болып жатқанын айтты. Сол апта мең-зең боп жүрдім. Дәрігерлер кеңесі құрылып, медициналық көрсетілім бойынша, менің жүктілігімді тоқтатуға шешім қабылдайды. Мен ауруханаға жаттым. Не болып жатқанын түсінбеймін. Бұл жағдай бізді жақындастырды. Сол сәтте өзімді кінәлай бастадым. Бірнәрсені дұрыс істемедім бе? Менде бірнәрсе дұрыс болмады ма? Бірақ жүктілік кезінде токсикоз да болмады», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді