jasqazaq.kz

Әсел Асқар: Келінге «Тастай батып, судай сің» деп айту дұрыс емес

19 маусым 2023, 11:16

Отандық актриса Әсел Асқар ұзатылып жатқан бойжеткенге тілек айтты. Өнер иесінің той төрінде ұзатылатын аруға айтқан лебізі желіде қызу талқыға түсті.
Видеоны Әсел Асқардың өзі Instagram желісінде бөлісіп қойды. «Қазақта өкінішке орай, қыз жаңа отбасыға келін болып түскенде «Тастай батып, судай сің» деп айтады. Бірақ, мен керісінше айтамын. Сен әрдайым отбасың барын есте сақтауың керек және өзіңді ешқашан өкпеге қима. Ешқандай ер адам үшін олай жасама. Мен мұны қорықпастан айта аламын. Мүмкін, мені мына жерде үлкен кісілер қолдамас. Өмір онсыз да қысқа. Бірақ, әйелдер онсыз да отбасы үшін көп құрбандыққа барады. Қыз онсыз да жаңа отбасыға бара жатырсың. Сондықтан ер адамның бұл жерде рөлі, жауапкершілігі өте үлкен. Қыз — әйел болып туылмайды. Уақыт өте келе ару қыз әйелге айналады. Ер адам қандай болады — әйелі оның айнасы. Сен қандайсың — әйелің сондай болады. Аманатқа қиянат жасама. Отбасы тек бір әйелмен құрылмайды. Керісінше, отбасы ер адамға байланысты. Егер әйелі әдемі көрінсе, жақсы киінсе, бақытты болса — ер адамның арқасында. Бәрі ер адамның қолында», — деді Әсел Асқар.
Ал желі қолданушыларының бірі актрисаның бұл сөзімен келіскенін білдірсе, екіншілері Әсел Асқардың тойдағы тілегімен келіспейтінін білдірді. «Дұрыс айтады, қыздар өздеріңді бағалаңдар», «Мұны біреу айтуы керек еді. Дұрыс айттыңыз», «Айтқаның шындық қой», «Сен екен ғой Қазақстанның ажырасу статистикасын көтеріп жүрген», «Ер адамға ренжулі әйел айтты ғой», «Қандай керемет сөздер», «Күйеуі жоқ әйелдердің ақыл айтқаны миыма сыймайды», «Сізге таңғаламын. Өте жақсы айттыңыз», — деді желідегілер.

JQ -Aqparat

Бүгін, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды
Бүгін, 14:02
Ұлттық тәрбие – баланың жанына дерт түсірмейтін ең басты қорған (Видео)
Бүгін, 13:48
Эльмира Төретаева: Жапон тұтынушылары  жантақ балымызды күтіп отыр
Бүгін, 12:59
Түркістан: Елді мекендерді газдандыру бойынша 64 жоба жүзеге асып жатыр
21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу