jasqazaq.kz

«Asar-Ume” Перизат Қайраттың қорына арнап 293 млн теңге жинаған

15 шiлде, 11:23

 

Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан сот отырысында “Asar-Ume” қайырымдылық қорының басшысынан куәгер ретінде жауап алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Сотта «Asar-Ume” қорының президенті алдымен ұйым қызметіне тоқталды. Бұл қор көп балалы және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға қолдау көрсетеді.
Қор басшысы Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен 2021 жылдан бері таныс екенін жеткізді. Түрлі қайырымдылық кештерінде, волонтерлік іс-шараларда бірнеше рет кездесіп, ынтымақтастық орнатқан.
Прокурор Арман Кезекен “Asar-Ume” қорының “BizBirgemiz Qazaqstan 2030” қорына 200 миллион теңге аударғанын айтып өтті.
Куәгер бұл қаржының 2023 жылдың қараша айында Израиль мен Газа секторындағы әскери қақтығыс кезінде гуманитарлық көмек ретінде жиналғанын жеткізді. Перизат Қайрат сол кезде Палестина елшілігінде қақтығыстан зардап шеккен халыққа қайырымдылық көмегін ұйымдастыра бастапты.
“Asar-Ume” қоры осы мақсатқа деп ел-жұрттан 293 млн теңге жинаған.
“Asar-Ume” қорының өкілдері гуманитарлық көмектің нақты жүзеге асырылуына көз жеткізу мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласындағы халықаралық гуманитарлық хабқа да барған. Олар қоймада дайындалып жатқан жүктерді өз көзімен көрген, Перизат Қайраттың бұл хабқа аккредитациясы мен кіруге құқығы бар екенін растаған, Қазақстаннан жиналған көмектің халықаралық арналармен жөнелтіліп жатқанын бақылаған.
Алайда сот кезінде осы жүк жөнелтудің ресми құжаттары көрсетілмегені белгілі болды.
Ал “Asar-Ume” өкілдері Абу-Дабиге Перизат Қайраттың қаражаты есебінен барған.
Куәгердің айтуынша, екі қор арасында арнайы келісімшарт жасалып, аударымның шарты көрсетілген. Алғашқы транш ретінде 200 млн теңге аударылған. Қалған 93 млн теңге есеп бергеннен кейін жіберілетін болған.
Асхат Нұрмашев: «Қаржының қайда жұмсалатыны жөнінде Перизат Қайрат есеп беремін деп уәде етті. Біз сол шартпен аударым жасадық. Бірақ соңғы сома сол есеп ұсынылған жағдайда ғана жіберілуі тиіс болды», – деді.

JQ-Aqparat

Сурет: сот отырысындағы видеодан

10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу