jasqazaq.kz

Асар-2 шағын ауданында тағы 23 отбасы жаңа пәтерге ие болды

27 қантар, 17:51

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары жүйелі жүзеге асырылуда. Баспана кезегінде тұрған 23 отбасы бүгін Асар-2 шағынауданында жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды.

Бұл жаңа үйлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Қоныстанушылардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.

Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жалға берілетін үйлер қорын кеңейту және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету қалада атқарылып жатқан басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Баспанамен қамтамасыз ету белгіленген рәсімдер мен заңнама талаптарын сақтай отырып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қолдауға тең қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да қолжетімді баспана көлемін арттыру және жайлы қалалық ортаны дамыту бағытындағы іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыра бермек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Шымкент қаласының стратегиялық даму міндеттеріне сәйкес келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге