«Ас атасы – нан»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлім: Қоршаға ортамен таныстыру
Мақсаты: нан – ас атасы екендігі туралы және нанның дастарханға қалай келетіні жөнінде түсінік беру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге нанды қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын дамыту.
Көрнекі құралдар: «Нан дастарханға қалай келеді?» тақырыбында слайд, бидай дәні және ұн, ермексаз, тақтайша
Сөздік жұмыс:диханшы, наубайшы
Билингвалды компонент: ұн — мука, нан-хлеб Мотивациялық- қозғаушылық. Балалар, көңіл-күйіміз қалай? -Жақсы Бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіпті, қонақтар мен амандасайық -Салеметсіздерме? Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. (М.Жаманбалинов) -Шеңберге тұрып,өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды. Ұйымдастырушылық-ізденістік. Балалар мына суретте нені көріп тұрмыз?(балалардың назарын тақтадағы нан өнімдерінің суретіне аударады). –Нанды Дұрыс айтасыңдар балалар, түрлі нан өнімдері.Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетіні туралы білетін боламыз. Назарымызды теледидарға аударайық. Слайд Балалар мына суретте Диқандар көктемде тракторлар мен жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.(Балаларға бидайды көрсету) Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп баптайды. Жайқалып шыққан егінді комбайн мен орып алады,комбайн бидайды тазартып,көлікке салып береді. Жүргізуші бидай дәндерін диірменге жеткізеді,диірменнен балалар ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету) Ұнды наубайханаға жеткізіп онда, әр түрлі нан өнімдерін пісіріп шығарады,оны дүкендерге алып келеді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету) Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.Нанды жерге тастауға, аяқпен басуға болмайды.Нанды қадірлеуіміз керек. –Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқиат тыңдайды. Балалар нан туралы қандай тақпақтар білеміз?
Раяна: Дәм патшасы аппақ нан, Дастарханның басында. Үмітіндей ақталған, Мен де отырам қасында. Ақжан: Ей, балалар, балалар, Болмаңдар,сірә, нанға тар. Өмірдің алтын арқауы, Бар қасиет нанда бар . Жарайсыңдар, балалар нан туралы тақпақ біледі екенсіңдер, енді мақал-мәтел айтып көрейік. Айсұлтан — Ас атасы-нан Ақжан — Нан – береке бастауы Жұсіп — Нан бар жерде – ән бар Раяна — Нан – күш қуат көзі Жарайсыңдар балалар. Сергіту сәті Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. — Тәрбиешімен қоса қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар, алдарыңда тұрға ермексаздан өздеріңе ұнаған пішінде түрлі тоқаштар мүсіндеуді ұсынады. Рефлексивті-түзетушілік. Ермексаздан түрлі тоқаштар жасайды. Көрме жасап, балалардың еңбектерін мадақтайды. Слайд арқылы балаларға сұрақтар қойып, оқу қызметін қорытады. -Сұрақтарға жауап береді.
Біледі: нан қадірлі ас екенін.. Игереді:үлкендердің еңбегін бағалауды, нанды қастерлеуді. Меңгереді:ермексаздан түрлі тоқаш мүсіндеуді.
* ТТақырыбы: Қыс қызығы
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсінік беру;табиғатты бақылап,жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы айта білуге тәрбиелеу;сөздік қорларын байыту,тілдерін дамыту. Көрнекілігі: Қыс көрнісі туралы тақырыптық слайдта, үлестірмелі суреттер, қар, су Сөздік жұмысы:ақ мамық, аяз Билингвальды компонент:қыс-зима,шана-сани Мотивациялық – қозғаушылық: Шаттық шеңбері Сырғанаққа шығамыз, Шыныққанбыз, шымырмыз Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ -Шеңберге тұрып,өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды. Ұйымдастыру-ізденістік: Слайдтарды көрсетіп тұрып, қыс мезгілі және осы мезгілде болатын құбылыстар туралы әңгімелейді. Қазір қай мезгіл? — Қыс мезгілі Қыста қандай ерекшеліктер болады? -Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады. Қыста адамдар қалай киінеді? -Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз. Қыста балалар қандай ойын ойнайды? — Шана, шаңғы, коньки тебеміз, қардан аққала жасаймыз, қар лақтырысып ойнаймыз. Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады. Жұмбақтар шешу. Қоймасын қыс ақтарып Жерді жапты ақ мамық (Қар) Тісі жоқ тістеп алады, Қолы жоқ сурет салады.(Аяз) Мұқияят тыңдайды, шешуін табады. Қармен тәжірибе жасау Тәрбиеші топқа қар салынған ыдысты алып кіреді. (Балаларға бір – бірден көрсетеді). Балалар қардың түсі қандай? — Ақ Қар қай мезгілде жауады? — Қыста Қарды қолымызға ұстасақ не істейді? — Ерибастайды Қар еріп неге айналып кетті? — Суға
Енді қарды тез еріту үшін оған су құйып көрейік. Бірінші ыдыстаға қарға жылы су, ал екінші ыдыстағы қарға суық су құйып, бақылаймыз.Қай ыдыстағы қар тез ериді екен. – Балалар екінші ыдыстағы қардың тез еритініне көздерін жеткізеді. Сергіту сәті: Қар жауғанда топ бала, Соқтық келіп аққал. Мұрны сәбіз үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара. Көне шелек басында, Сыпырғышы қолында Мұзайдынды аршуға, Келгендей-ақ ол мұнда. Балалар өлең мазмұнына байланысты іс-қимылдар жасайды. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атап көріңдер. — Конькиді қай жерде тебеді? Шаңғыны ше? — Дөң басынан шаңғы, шана теуіп көріңдер ме? -Қардан не жасап ойнаймыз? Дидактикалық ойын: «Аққаланың бейнесін жина» Қатты кардондардан жасалған дөңгелектерден аққаланы жасау. Рефлексия — түзетуші — Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік? — Қыста адамдар қалай киінеді? — Аққаланы қалай жасайды? — Қыста балалар қандай ойындар ойнайды? — Қысты неліктен көңілді деп атайды? Балалар сұрақтарға жауап береді. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.
Аналар – асыл жандар
Музыка ырғағымен залға балалар кіріп жарты шеңбер болып отырады.
Жүргізуші:Армысыздар ақ жаулықты әжелер ,Аяулы аналар ,көктем гүліндей құлпырған қыздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық аналар мерекесі келіп жетті.Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай орырып дендеріңізге саулық,отбастарыңызға амандық,еңбектеріңізге жеміс тілейміз.Бүгінгі біздің кішкентай балапандарымыздың «Аналар-асыл жандар» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген-бәйтерегі өмірдің, Ана деген-алтын қазық,алтын бақ. Ана деген-асыл жандар болаттай, Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай. О,адамдар қадірлей біл ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай. Ән: «Анашым» Жүргізуші:Балалар біз бүгінгі мерекемізге көбелектердіде қонаққа шақырған едік ғой,өздері қайла жұр екен?Міне-міне көбелектерімізде келді.(музыка ырғағымен көбелек кіреді) Көбелек: Мына гүлдердің әдемісін –ай,исін –ай өзінің.Көктемнің ерекшелігі сондай табиғат тіршілігінің бәрі оянады,әсемдікке бөленеді Балалар бүгін аналарымыздың мерекесі ғой,аналарымызға не сыйласақ екен?әдемі гүлдер сыйласақба екен? Жүргізуші:бырақта,көбелек сен өзіңде гүлдер сияқты әдемісің ғой ,гүлден –гүлге қонып әдемі өзіңнің сұлулығыңмен табиғатымызға көрік бересің. Көбелек:менің мұнда кішкене өсіп келе жатқан көбелектерім де отыр екен ғой,келе ғойыңдар,аналарымызға көбелектер биін арнайық. Би:«Көбелектер биі» Тақпақтар: Иманәли: Ақ анашым,аппағым, Өзің жайлі тақпағым, Өзің жайлі әнімде, Арнадым саған бәрінде. Аяла: Ана біздің күніміз, Ана біздің гүліміз. Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Жүсіп: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегінде сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам. Жанкүнім: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. Аружан:
Мен анамды сүйемін,
Құшағыңа енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін, Жансая:
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім, Қартаймашы анашым.
Айсүлтан:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өске бөбекпіз,
Маматайдың мамасын.
Ойын:«жау –жау жаңбыр» Көбелек:балалар сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер,мен қаір сендерге әдемі шарлар берсем сендер қандай өнер көрсете аласыңдар? Жүргізуші:көбелек,біздің балалар өнерлі балалар.Олай болса біз «көңілді шарлар» биін билейміз. Би: «көңілді шарлар» Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым. Ұзақ өмір жүр жасап, Ауырмашы анашым. Балаларымыздың аналарына дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Уақытта біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті қонақтар! «Балапан» Ікіші тобының атынан сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. «Аналар-асыл жандар» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.