jasqazaq.kz

Арзан көліктен күдеріңді үз!

25 ақпан 2022, 11:39

Көлік бағасы арзандайды деген көптің көңілі су сепкендей басылды. Қоғам белсенділері мен жүргізушілер қалтаға қосымша салмақ салатын утилизациялық алым көлемін азайтуды талап еткен еді. Халықтың бұл пікіріне құлақ асқан Президент Үкіметке утиль алымының көлемін қайта қарауды тапсырды. Бір ай бойы белсенділер, азаматтық қоғам мен сарапшылардан құралған комиссия осы мәселені талқылап, өз шешімін жариялады. Бірақ нәтижесі ел күткендей емес.

Жағымсыз хабарды ең алдымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «естіртіп» еді. «Расында кәдеге жарату алымдарын шегерсе, автокөлік бағасы төмендейтін шығар дегенді жиі естіп жүрміз. Енді статистикаға зер салсақ, елімізден шыққан автокөліктерге ешқандай утилизациялық алым төленбейтіні мәлім. Өткен жылы 105 043 жеңіл автокөлік өткерілсе, 64 пайызы отандық өнім болғандықтан, утилизациялық алым төленбеді. Трактордың 89 пайызы, комбайндардың 88 пайызы, автобустардың 74 пайызы өз еліміздікі екені рас. Осыған қарап-ақ бәрін бағамдауға болады. Дұрысы, баға өзгермейді. Өзге елдерден келетін автокөліктердің бағасы төмендейді деп айтудың қажеті шамалы. Айталық, жол талғамайтын қымбат автокөлік әкелсе, өз қалтасына түсетін құны өседі де, халық үшін арзан бағамын сатылмайды деп ойлаймын», – деді министр. Бірақ жұрттың үміті үзілген жоқ, ақырғы шешімді күтті.

Күні кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алым мөлшерін жариялады. «Отандық автоөндірісті ынталандыру мақсатында барлық көлік түрлері мен ауыл шаруашылық техникаларына салынатын утилизациялық алым көлемін 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар», – деді Роман Скляр.

Бұдан былай утиль алымның көлемі 229 мың теңгеден басталып, 1 миллион 761 мың теңге дейін болады.

Тарқатып айтсақ:

Қозғалтқыш көлемі 1000 текше метр көліктер үшін – 229 725 теңге
Қозғалтқыш көлемі 1001-2000 текше метр көліктер үшін – 536 025 теңге
Қозғалтқыш көлемі 2001-3000 текше метр көліктер үшін – 765 750 теңге
Қозғалтқыш көлемі 3001 текше метрден жоғары көліктер үшін 1 761 225 теңге болып бекітілді.

Бірақ утиль алымның бұл мөлшерлемесі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілуі мүмкін. Әзірге нақты мерзімі бекітілген жоқ. Өйткені ол мемлекеттік органдармен мақұлдануы тиіс.
Сондай-ақ Роман Скляр, алдағы уақытта жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз болатын автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылатынын жеткізді. Ол үшін 100 млрд теңге бөлінбекші. Бұл қаржыға 71 мың азамат жаңа көлік сатып алады деп жоспарлануда. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі, алғашқы жарна талап етілмейді. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері «Оператор РОП» серіктестігіне жиналған қаржының автонесиелеуге жұмсалғанын құптамай отыр. Халықтың өзінен жиналған қаржы «халыққа несие ретінде берілмеуі тиіс» деп санайды сарапшылар.

Утиль алымның 50 пайызға арзандағанын қолдайтындар да қолдамайтындар да бар. Жаңа мөлшерлеменің бекітілуіне бірінші кезекте автоөндірушілер қуанып жатыр. Ірі компания өкілдері кәдеге жарату алымы отандық өндірісті дамытуға серпін береді деп есептейді. Алайда утилизациялық алымға әу баста қарсы шыққан белсенділер бұл шешімге өз наразылығын білдірді. «УтильгеЖолЖоқ» қозғалысының мүшелері, алым көлемін жеңіл көліктер үшін 100 мың теңгеге дейін түсіруді талап етіп отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға салынатын алым мүлде жойылсын дейді.

Диас Нұрақын

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр