Арыстанбек Мұxамедиұлы: 2016 жылы отандық кино өрледі

31 желтоқсан 2016, 20:45

2016 жылдан 2017 жылға ауысар тарихи сәтте билік өкілдері арасында белсенділік танытып, ең алғашқы болып халықты құттықтаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.

BAQ.kz хабарлағандай, министр өз құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол халыққа арнаған құттықтауында өтіп бара жатқан жылдағы елеулі оқиғаларға тоқталған.

«Қымбатты достар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2016 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы белгісімен өтті. Барша ел бойынша осы атаулы мерекеге арналған жүздеген шаралар өткізілді. Олардың әрқайсысы Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайтуда ерекше маңызға ие болып, мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарының айғағы болып табылады.
Өткелі жатқан жыл мәдениет және спорт саласындағы айрықша маңызды шараларға толы болды. Елордада бірегей оқу орны Қазақ ұлттық хореография академиясы және оның жаңа сахна алаңы «Астана Балет» театры ашылды.
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының Астанаға көшуі жылдың маңызды шаралары қатарына енді. Бұл аты аңызға айналған қазақстандық брендтің жаңғыруына бастау салды. Ұйым негізінде «Астана Мюзикл» жаңа музыкалық театры ашылып, «Достар серті» алғашқы қазақстандық мюзиклдің тұсаукесері өтті» — деген министр өз құттықтауында.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы биылғы жылды қазақстандық кино жылы деп атауға болатындығын да айтты.

«Отандық кинматография саласының дамуына үлкен қадам жасалды. 2016 жылы біз көрермендердің назарына Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи драмасы, қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов туралы Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі, Қазақстан және Ресей түсіруге атсалысқан режиссер Андрей Шальопаның «28 панфиловшы» фильмі, Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» тарихи эпопеясын және тағы көптеген басқа кинотуындыларды ұсындық» — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өз құттықтауында министр халықаралық мәдени сұхбаттың дамуында Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттер жақындасуы орталығының ашылуын ерекше атап өткен.

«Қазақстандық спортшылардың жаңа есімдері әлемдік спорт Олимпінің шыңынан көрінді. Ұлттық құрама команда мүшелерінің Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарындағы жарқын жеңістері қазақстандық спорттың тарихында алтын із қалдырды. Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов, Василий Левит, Елдос Сметов, Галбадрах Отгонцэцэг, Эльмира Құсайынова, Карина Горичева және т.б. секілді жеңімпаздарымыз өскелең қазақстандықтарға табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісіне айналды. Паралимпиада спортшысы Зульфия Габидуллинаның алтын жүлдесі мен Раушан Қойшыбаеваның парапауэрлифтинг бойынша күміс жүлдесі барша халқымыздың жүрегінде ерекше мақтаныш ұялатты.
2017 жылы бізді одан да жарқын және маңызды шаралар күтуде – Алматы қаласында 28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың және Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Ел тарихындағы жаңа парақтарды ашып, мемлекетіміздің есімін әлемдік экономика, мәдениет және спорт саласына бірлесе енгіземіз.
Жаңа 2017 жылы барша қазақстандықтардың шаңырақтарына амандық, саулық, береке, бірлік және армандарының орындалуын тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арыстанбек Мухамедиулы» — делінген құттықтауда.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде