Аружан Жазылбекова: Талай рет сынған мұрын мен шелектеп төгілген қанды көрдік

17 қараша 2023, 14:07


Отандық киноларда бой көрсетіп жүрген актриса Аружан Жазылбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтып, оқырманын үн қосуға шақырды. Бұл туралы өнер иесі инстаграм парақшасында жазды.
Актрисаның айтуынша, жазбасын бір апта бойы жариялауға ұялып жүрген.
«Аружан, сен мықтысың, өйткені бұл жағдайдан тыс қалмадың». Шын мәнінде, мен ештеңе айтпадым. Бұл жазба шимай-шатпақтың арасында бір апта бойы сақталды. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені ұят! Отбасыда зорлық-зомбылықты көріп өскен мен үшін мұны айту қаншалық ұят екенін білсеңіздер.
Қоғам мұндай жағдайды айтсаң да, қысым көрсетеді. Бірақ кейінгі күндері мұндай жағдайды басынан өткермеген бірде-бір әйелдің жоғын байқадым. Демек, ұят емес қой?! Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз», – дейді кино әлемінің жұлдызы.
Сондай-ақ әкесі анасын қалай ұрып-соғатынын да бүкпесіз баяндайды.
“Анама әлі күнге дейін алғыс айтамын. Күшін жинап, өлімнен өзін арашалап қалғаны үшін ризамын. Оны ата-анасы кері қабылдамаған. Төрт ағасының біреуі де қолдамаған, өзінен басқа ешкім қорғамаған. 26 жасында баламен жалғыз қалған. Ол көп қателік жасады, бірақ қайта ол өмірді таңдамады. Менің зорлықты ешқашан көрмеуім үшін қайта оралмады. Талай рет сынған мұрын, шелектеп төгілген қанды көрдік. Анам осы жағдайдың арты қайғылы аяқталғанын қаламаған шығар. Айтарым, егер ол саған қол көтерсе, шыдама, үнсіз қалма, бұл туралы бәріне айт та тез арада кет. Бұған дейін шыдағаныңа да, балаларға әке керек деп те ойлама. Мұндай әке ешкімге керек емес. Менің өмірім – айқын мысал», – деп жазбасы арқылы жігерлендірді актриса.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу