jasqazaq.kz

Аружан Саин: Деректі жариялаған жауапқа тартылсын!

27 желтоқсан 2016, 17:05

«Мейірімділік» Ерікті қоғамы» Қоғамдық қорының жетекшісі Аружан Саин құқық қорғау органдарынан «#НеМолчи/ Үнсіз қалма» қоғамдық қозғалысы басшыларын жауапкершілікке тартуды сұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қозғалысты тексертуге №1 балалар үйіндегі жыныстық зорлық көргендер туралы ақпараттың жария болуы себеп болды. Аружан Саинның айтуынша, жақында қоғамдық қозғалыстың Facebook парақшасында жасөспірім туралы ақпарат жарық көріп, болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі жазылған. «Олар аты-жөндерін, олардың балаларды қалай зорлағанын таратты. Балалар пікірлер мен хаттарды оқиды. Бұл балалар құқығын бұзу. Ол қысымға шыдай алмай, әлеуметтік желілерге өз пікірін жазды. Ал егер ертең өзіне қол салса ше? Ары қарай қалай өмір сүреді, кім осыны жасап отырған? Өзін кімбіз деп ойлайды олар? Бұл неғылған қоғамдық қозғалыс. Құқық қорғау органдары педофилдердің құрбаны болған балалардың құқығын бұзғандардың әрекеттерін қадағалауы қажет деп есептеймін. Олардың әрекеттерін қадағалап қана қоймай, жауапқа тарту керек», — деді Аружан Саин. Қоғам қайраткері өз сөзінде балалар үйі мен интернаттардағы балаларды қорғау үшін қоғамдық қадағалау жүйесін енгізу қажеттігін айтты. Оның сөзінше, егер еріктілер балалар мекемелеріне кіруге рұқсат алса, онда ешқандайда зорлық көрсетілмейді. «Қоғамдық қадағалау мен жариялылық қана, сондай ақ бейнебақылау ғана балалар үйінің тәрбиеленушілерін қорғай алады. Өкініштісі, №1 балалар үйінде бейнебақылау жүргізілмеген», — деді Саин. Еске сала кетейік, 26 желтоқсан күні №1 балалар үйіндегі зорлыққа қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушыға қатысты 15 жылға қатаң режімдегі колонияда жазасын өтуге үкімі шығарылды. Сонымен қатар, балалар үйінің бұрынғы директоры Г.Шунаева мен оның адвокаты Гүлнар Мұратқа қатысты жеке қаулы шықты. «Сотталған жігітті біз көп жазғырмаймыз. Себебі, оның өзі де интернат тәрбиеленушісі болған. Оның өзі сондайды көріп өскен болуы мүмкін. Адамгершілігі мол адам болып өсетіндей оған жағдай жасалмады. Балалар үйіндегі жүйеде балаларға көңіл бөлінбейді, ата-ана махаббаты берілмейді», — деді сөзін қорытындылаған Аружан Саин.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті