jasqazaq.kz

Арнаулы әлеуметтік қызмет — ерекше жандардың өмір сапасын арттыратын әлеуметтік инвестиция

13 шiлде, 22:10

Бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның төрағалығымен биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыстарды қорытындылауға арналған есеп беру жиыны өтті. Басқармаға қарасты №4, №6, №7 және №12 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, нақты көрсеткіштерді ұсынды.

Шымшаһарда бүгінгі таңда 42 479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың 3 236-сы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қызмет көрсету формалары келесідей бөлінді:

Стационарлық жағдайда – 752 адам, 793 адам жартылай стационарлық жағдайда, уақытша болу жағдайында – 402 адам, Үй жағдайында қызмет көрсету – 1 289 мүгедектігі бар адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Ал қамтылған санаттарына тоқталсақ, мүгедектігі бар балалар мен ересектер, психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтар, тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар, сондай-ақ жалғызілікті қарттар бар.

  • Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 14 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл мекемелерде 1 600-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Олар күнделікті арнайы санаттағы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, олардың әлеуметтік жағдайына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған қызмет атқарып келеді.

Жиын барысында Жанат Өтебаева әр орталықтың есебін мұқият тыңдап, көрсеткіштерге жан-жақты талдау жасады. Басқарма басшысы өз сөзінде қызмет сапасына ерекше назар аударып, әсіресе үй жағдайында және стационарлық мекемелерде көрсетілетін көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Арнаулы санаттағы азаматтар — қоғамның қолдауға аса мұқтаж тобы. Біз олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әрбір жұмысты сапалы, жауапкершілікпен атқаруға тиіспіз», — деді Жанат Өтебаева.

Сонымен қатар, жиында саладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар сөз болды. Мәселен, кадр тапшылығы, инклюзивті инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесін жетілдіру сынды бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Шымкентте әлеуметтік қолдау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Қалалық басқарма тарапынан жүргізілген жұмыстар — әлеуметтік әлсіз топтарға бағытталған қолдаудың нақты көрінісі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы қызмет сапасын арттыру, цифрландыру және азаматтардың қажеттілігіне бейімдеу жұмыстары жалғасады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет — тек көмек емес, өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды әлеуметтік инвестиция.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу