Арман Шораев: Қазақ күресі – жастарға жігер берер жоба

28 қараша 2016, 17:38

Оңтүстік астанамызда  алғаш рет «Еуразия Барысы» сайысы ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент күні мен  Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған байрақты бәсекенің бас-қасында Қазақ күрес федерациясының президенті Арман Шораев жүргені баршамызға белгілі. Соңғы бес жыл қатарыан қазақ балуандарының кіл мықтысын анықтап, ұлттық спорт түріне қызығушығымызды арттырып жүрген А. Шораевпен сұхббатсақан едік.  

img_0601

Жас қазақ:  Арман Төлегенұлы, газетімізге берген сұхбатыңызды қазақ күресін «Ұлттық жобадан ұлттық идеяға» айналдыру мәселесін көтеріп едіңіз. Бұл жоспарыңыз қаншалықты жүзеге асып жатыр?

Арман Шораев: Халықты біріктіретін, намысын оятатын, жігерлендіретін үлкен жобалар болу керек. Біз үшін сондай жобаның бірі Қазақ күресі деп ойлаймын. «Ұлттық бренд» деп айтуға болады. Менің қазіргі арманым қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу. Себебі оқушы қай сабақтан болмасын озат оқыса да, рухын оятатын, патриоттық сезімге баулитын, мінезін шыңдайтын қазақ күресі сынды спорт түрімен айналсуы керек. Осы мәселені бәріне жеткізгім келеді.

Жас қазақ: Сіз телеарна басқарып жүріп, қазақ күресін насихаттауды білек сыбана қолға алдыңыз. Бұған не себеп болды? Жалпы өзіңіз бала кезіңізде күреспен айналыстыңыз ба?

Арман Шораев: Ия, кезінде қатысқам. Мектепте оқып жүрген кезімде грек-рим күресімен 2 жылдан астам уақыт шұғылдандым. Кейін белімнен жарақат алып тоқтатуға тура келді. Дегенмен маған сол барған екі жылдың өзі көп көмектесті. Әскерге барғанда да септігі тиді. Әртүрлі жарыстар болады. Күш-қуат тұрғысынан дайын екенімді әрдайым дәлелдеп жүрдім.

Жас қазақ: Сонда сіздің қазақ күресін дамыту бала кезіңзден келе жатқан арманыңыз ба?

Арман Шораев: Бала кезімде арманым көп болды. Мәселен, ғарышкер болғым келді. Кейін әке атанған соң, өсіп жетілген соң спорттың бұл түрінің қаншалықты пайдалы екенін түсіндім.

Жас қазақ: Бұрын біздің бала кезімізде ауылда атжарыс өткен сайын, ұлттық спорттың басқа түрінен де жарыс өтіп тұратын. Әр ауылдың балуандары жиналып, кіл мықтыларды анықтаушы еді. Кейін Сіз қазақ күресін насихаттауды қолға алып, ел деңгейінде жарыс өткізуді қолға алдыңыз. «Қазақстан Барысы», «Әлем Барысы», «Еуразия Барысы», «Жас Барыс» деген атаумен жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырдыңыз. Бүгінде бұл жобаларға қазақ жастарының қызығушылығы қай деңгейде?

0aza0stan-barysy

Арман Шораев: Ресми мәліметке жүгінер болсақ, 2010 жылы қазақ күресімен 30 мыңға жуық адам шұғылданса, қазіргі таңда 120 мыңға жетті. Төрт есеге артты. Менің тағы бір арманым қазақ күресін жапондардың дзюдосы, ресейліктердің самбосы, корейліктердің тхэквондосы сынды халықаралық деңгейге көтеру. Жапонияда дзюдомен қатар сумосы бар. Олимпиада бағдарламасына кірмесе де, өте танымал. Бүкіл әлем біледі десем қателеспеймін.  Ал менің қазақ күресін насихаттауға Моңғолияға барған сапарым себеп болды. Моңғолия шағын ғана ел болса да, басқа спорт түрлеріне қарағанда ұлттық күресінің мәрбесі биік. Моңғолия арыстаны атанған спортшыны қатты құрметтейді. Үйлерінің төрінде суреті ілініп тұрады.

Жас қазақ: Бізде де «Қазақстан Барысы» атанған балуандарға мемлекет, халық тарапынан қошемет көрсетіліп жатыр емес пе?

Арман Шораев: Әрине. Мысалы Бейбіт, Ұлан, Айбек балуандарымыз елге танымал. Олимпиада чемпиондарынан кем қошемет көрсетіліп жатқан жоқ. Сол үшін жұмыс істедік. Алдағы уақытта да жалғастырамыз.

ajbek

Жас қазақ: Қазақ күресін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу жоспарланып жатқанын естідік. Ал төл күресті халықаралық деңгейде насихаттау үшін «Әлем Барысы» жарысының қаншалықты септігі тиіп жатыр?

Арман Шораев: Белгілі дәрежеде пайдасы бар. Бүгінде Олимпиада бағдарламасына енгізу туралы бастаманы жан-жақтан естіп жатамыз. Бірақ ол үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Ресей самбосының тарихына көз салсақ, бір ғасырдан астам уақыт болды насихатталып келе жатқанына. Бірақ Олимпиадада жоқ. Біз де Олимпиадаға енгізуді көздесек, мемлекет ішінде іргесін дұрыстап қалап алуымыз керек. Арнайы бағдарлама қабылдасақ құптарлық іс болар еді. Бүгінде бізді еліміздің бірқатар шенеунігі қолдайды. Жуырда энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды. Болашақта қазақ күресінің академиясын ашу жоспарда бар. Ол жерде балуандар мен қатар төрешілерді дайындаймыз.                    

Жас қазақ: «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» туралы естгеніміз көп. «Жас Барыс» жобасы туралы айтып берсеңіз? Қай жас аралығын қамтиды?

Арман Шораев: Сегіз салмақ бойынша жасөсіпірімдер қатысады. Биыл бесінші жыл қатарынан өткізім жатырмыз. Қызылордада, Қостанайда, Павлодарда, Талдықорғанда өткіздік. Сол жобаның арқасында  аймақ-аймақтан жасөсіпірімдеріміз қазақ күресіне тартылып жатыр. Олардың қызығушылығын оятты. Бірінші рет өткізгенімізде 4 өңірден ғана қатысса, қазір барлық облыстың жас балуандары жарыста бағын сынауда. Бәсекелестік бар. Бірінші жарысқа қатысқандар бүгінде «Қазақстан Барысында» жақсы өнер көрсетуде. Мені бір қауантарлық жағдай, бүгінде басты жарысқа қатысатын балуандарымыз құрамы толықтай өзгеруде. Жас балуандарымыз жақсы дайындықпен шығып жатыр.

Жас қазақ: Бірақ жеңімпаз өзгермейді.

Арман Шораев: Енді Бейбіттің орны бөлек. Ол — біртуар балуан. Бейбіт тек қазақ күресімен айналысып жүрген азамат. Өткен жылы  «Қазақстан Барысына» дайындалу үшін 3 ай Жапонияға кетті. Оны кәсіби балуан деп айтуға болады.

Жас қазақ: Қазақ күресі Олимпиада бағдарламасында болмағанымен дзюдо бар. Біздің жеңімпаз балуандарымыз сол халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысуына не кедергі? «Қазақстан Барысы» Олимпаданың жүлдерегі болып жатса, қазақ күресінің деңгейі бір көтеріліп қалмай ма?

Арман Шораев: Әрине. Руслан Әбдіразақов дзюдодан ұлттық құраманың қатарында өнер көрсетеді. Дәулетхан Жақып бар. Самбомен, еркін күреспен айналысып жүрген азаматтар бар. Бізде осы күнге дейін Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан бастап, Елдос Сметовті айтар болсақ жеңіл салмақта жеңімпаз атанды. Менің арманым ауыр салмақта чемпион шығару. «Қазақстан Барысы» жобасында ауыр салмақта кілемге шығатын жігіттер баршылық. Токиода өтетін Олимпиадаға бір балуанымыз жолдама ұтып алып, жеңімпаз болса деген ниетіміз бар.

Жас қазақ: Енді Алматыда өтетін «Еуразия Барысы» туралы айтып берсеңіз. Қанша елдің балуаны қатысады?

euraziya-barysy

Арман Шораев. 8 елден балуан қатысады. Оның ішінде моңғолияны ерекше атап өткім келеді. Ауыр салмақта өнер көрсететін балуаны «Моңғолияның арыстаны» деген атаққа ие. Гүржістанның құрамасы да осал емес. Өткен жылы ақтық сынға дейін барып, екінші орын алды. Өзбектер де мықты. Тәжік, Ресей балуандары мықты дайындықпен келді. Бірінші рет украин балуандары қатысады. Біздің ұлттық құрамаға қиындау болады. Өткен жылы жеңіл салмақтағы балуандар құтқарып кетті.

Жас қазақ: Бізден «Моңғолияның Арыстанына» кім қарсылық көрсетеді?

Арман Шораев: Әйбек Нұғымаров. Бейбіт запаста. Моңғол жігіті бізге тұңғыш рет келе жатыр.

Жас қазақ:  Соңғы «Еуразия Барысы» турнирінде бір мемлекеттен 8 балуанға дейін қатысуға рұқсат берілген еді. Биыл да осы регламент сақталып қала ма?

Арман Шораев: Ия сақталды. Сегіз салмақта балуандарымыз бағын сынайды. «Еуразия Барысының» «Қазақстан Барысынан» ұтымды жері  оған жеңіл салмақтағы балуандар қатыса алады.  Осы жоба арқылы жеңіл салмақтағылардың да аты шығады.

Жас қазақ: Бір сұхбатыңызда биыл қазақ күресінен әлем чемпионаты өтетін айтып едіңіз. Жоспарларыңыз жүзеге асып жатыр ма?

Арман Шораев: Ондай ой болған. Бірақ келесі жылға қалдырдық. EXPO-2017 халықаралық көрмесіне орайластырып, Астанада «Әлем Барысын» өткіземіз. Биыл қырғыз бауырларымыз «Көшпенділер» жарысын өте жоғары деңгейде өткізді. Біз де сол форматты ұстанамыз. Тек қазақ күресінен емес ұлттық спорттың басқа түрлерінен де өтеді. «Әлем Барысы» соның ішіне кіреді. Астана маңайында, жазық далада өтеді.

Жас қазақ:  «Еуразия барысын» өзге елде өткізу туралы ұсыныс түспеді ме?

Арман Шораев: Ұсыныс бар. Моңғол, өзбек, түрік бауырларымыз жарысты өздерінде өткізуге дайын екенін жеткізді. Ол алдағы жоспарда бар. Әлем чемпионатынын болашақта Еуропа елдерінде өтуі мүмкін.  Келер жылы Астанада өтетін байрақты бәсекеге 70 елдің балуаны қатысады деп күтілуде.

Жас қазақ: «Алматы Аренада» қазақ күресінен жаттығу залы ашылады деп жатыр. Сіздердің өткізгелі отырған «Еуразия барысы» жастарға мотивация болатын сияқы. Қалай ойлайсыз?

Арман Шораев: Алматы жастарына дем береді деген ойдамын. Тағы бір айта кетер жаңалығым, Бауыржан Байбек мырза Алматы қалалық Қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды. Өзінен осындай ұсыныс түскен соң қуана қабылдадық. Себебі Алматы еліміздегі ірі мегополистің бірі болғанымен жастардың қазақ күресімен айналысу деңгейі төмендеу. Әкімдік қолдап отырғаннан кейін бір нәтиже болары анық.

Жас қазақ: Жалпы Қазақ күресі федерациясының еліміздің қанша өңірінде өкілдігі бар? Қай аймақтың қазақ күресіне деген қызығушылығы басым?

Арман Шораев: Қазақ күресі Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, батыста Ақтауда жақсы дамыған. Федерация бүгінде осы олқылықты жою үшін барынша күш салып жатыр. Әр өңірдегі қазақ күресіне жанашыр беделді азаматтардың тартудамыз. Аймақтарда кәсіби клуб ашуды бір жолға қойдық. Жоспарымыз толығымен жүзеге асқанда фуболдан қалай турнир өтеді, қазақ күресінен де солай болады. 3-4 жылдан кейін жыл бойы ел ішінде чемпионат өткізу жоспарда бар.

Сұхбаттасқан Елдос Өмірзақұлы  

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде