jasqazaq.kz

Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді

01 қантар, 20:18

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ведомство басшысы ірі Small, Magnum, Анвар сауда желілерін аралады, деп хабарлайды jasqazaq.kz сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Сауда желілері бүгін 10:00-де өз жұмысын бастады. Алғашқы келушілердің бірі болған сауда министрі баға тұрақтылығы мен сөредегі тауарлардың қолжетімділігіне, ассортиментіне баса назар аударды.
Біз арнайы 1-қаңтарда сауда желілерін аралап шықтық. Мақсатымыз — бүгінгі бағаның тұрақты екеніне көз жеткізу. Ешқандай өзгеріс, тапшылық жоқ. Жаңа жылдың алдында біз сауда желілерімен бірлесіп Береке fest акциясын өткіздік. Сауда желілері әлі де түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр. Сөреде тауар толы. Осындай тұрақты жағдай барлық сауда объектісінде болуы керек”,- деді Арман Шаққалиев.

Сауда желілерінің өкілдерімен кездескен министр бағаны тұрақты ұстауды және оны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне бақылау жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.

Мұндай мониторинг жұмыстарын министрдің тапсырмасымен өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын  қорғау департаменттері жергілікті әкімдікпен бірлесіп белсенді жүргізіп жатыр. Айта кету керек соңғы 6 апта бойы ӘМАТ тауарларының бағасы тұрақты.

JQ-Aqparat

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады