Әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге push-хабарламалар жолданады

28 қазан 2023, 16:57


Мемлекетті кірістер комитетінің Телеграм-каналы хабарлағандай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесі пайда болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Сонымен қатар, Республика бойынша 27 954 жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

Әрекетсіз жеке кәсіпкер екеніңізді тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.
Осыған байланысты Комитет жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу