Ардагерлер патриоттық тәрбиенің пәрменділігін арттыра түспек

06 қыркүйек, 12:26

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері құрметті демалысқа шыққанымен әлі күнге тың, өздерін әрдайым әскери сапта, алдыңғы шепте сезінеді. Олар қоғамдық өмірге және ондағы өзгерістерге сергек қарап, өскелең ұрпаққа оң бағыт сілтеуден шаршаған емес. Ардагерлер әскери бөлімдерге барғанда өздерінің өмірлік бай және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас командирлерге практикалық әрі әдістемелік көмек көрсетіп тұрады. Бұл игі дәстүрге айналған үрдіс.

Осы және басқа да өзекті мәселелер Астана қаласында өткен «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің жұмысын қорытындылайтын есеп беру-сайлау конференциясында кеңінен талқыланды.
Ардагерлердің алқалы жиынына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, қорғаныс ведомствосының құрылым басшылары, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, ғарышкер-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров және аталған қоғамдық бірлестіктің аймақтардағы филиал басшылары қатысты.
«ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» ҚБ төрағасы, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев есепті мерзімдегі атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Құрылғанына 15 жыл болған республикалық қоғамдық бірлестіктің филиалдары барлық өңірлерде жұмыс істейді. Атап айтқанда: 17 аймақтық және 3 қалалық – Астана, Алматы және Шымкент филиалдары бар.
Қазіргі таңда әскери зейнеткерлердің көбі қоғамдық өмірге белсене араласып, әлі де мемлекеттік қызметте (жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттарда) еңбек етуде. Сонымен қатар бірқатары аудандардың, облыстардың құрметті азаматтары болып табылады.


Аймақтық филиалдардың төрағалары ел дамуын айқындайтын стратегиялық құжаттар мен Мемлекет басшысының Жолдаулары бойынша әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өңірдегі өкілдер облыстық, қалалық, аудандық әскерге шақыру комиссияларының жұмысына тікелей қатысып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Арадегерлер табиғи төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және т.б.) кезінде жергілікті халыққа материалдық және моральдық қолдау көрсетуге де белсене қатысады. Мысалы, Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей-Орманы» резерватының Батпаев орманшылығындағы өртті жою кезінде жергілікті филиалдардың басшылары зардап шеккен тұрғындар мен қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына материалдық көмек жинауды ұйымдастырды. Ардагерлер ұйымы биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шаралардан да тыс қалған жоқ.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, онда былай деген болатын:
«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты».


Осыған орай, Қарулы Күштердің ардагерлері әскер аласындағы қордаланған мәселелерді шешуге қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбиенің пәрменділігін арттыруға, еліміздің қорғаныс қабылетін нығайту бағытында жұмыс істеуге әрқашан дайын екендіктерін айтты.
Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы Күштердің алдында тұрған мақсат-міндеттер туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның таяу болашақтағы даму тұжырымдамасына қатысты пікір алмасты.
Сондай-ақ, ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының, ҚР ҚК Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы басқармасының және ҚР Қорғаныс министрлігі зейнетақымен қамтамасыз ету Орталығының басшылары ардагерлер алдында сөз сөйлеп, әрқайсысы өз салалары бойынша тиісті ақпарат берді.
Конференция делегаттары «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің есепті мерзімдегі қызметіне қанағаттанарлық деген баға беріп, бірлестік төрағасының лауазымына Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевты қайта сайлады.

Әбубәкір Смайылов

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?