jasqazaq.kz

Әрбір мигранттан 700 мың теңгеге дейін: заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

06 тамыз 2025, 11:25

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің және Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері ауқымды операция барысында елімізге заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қыметіне сілтеме жасап. 

Заңсыз арнаны шетел азаматтары ұйымдастырғаны анықталды. Қаскөйлер Қазақстан Республикасының аумағына шетел азаматтарын заңсыз кіргізу, транзитпен өткізу және заңдастырумен айналысқан. Топ мүшелері бұл «қызметтері» үшін әрбір мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Арнайы іс-шаралар барысында ұсталғандардан ондаған шетелдік төлқұжаттар, медициналық сақтандырулар, жалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі құралдарын заңсыз сақтауға қатысты алты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді