jasqazaq.kz

Қарауылды директордың орынбасары еткісі келді

19 қазан 2016, 16:02

3475145dcb00d4374aa6ceae8753bcf3_xl

Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылында мектептің директоры оқу орнының қарауылын өзіне уақытша орынбасар етіп алмақ болған. Бірақ, бұл үшін 13 мың теңге пара талап етіпті. Бірақ, күзетші пара берудің орнына құзырлы органдарға барып арызданған.

Бұл уақытта мектеп директорының орынбасары кезекті еңбек демалысында болғанын айта кету керек.

«Директордың ақша талап етуі менің ашуымды келтірді. Мен онсыз да күні-түні осы мектептемін. Қосымша жұмыс істеп, ақша тапқым келді. Ауылда жағдайдың ауыр екенін білесіздер ғой», — дейді қарауыл сот отырысы барысында.

Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, мектеп қарауылы директорының үстінен аудандық ішкі істер бөліміне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдеріне арызданған. Мектеп басшысы 13 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түсті.

Кербұлақ аудандық соты педагогты алған парасының 5 еселенген көлемінде айыппұл төлеуіне (650 мың теңге) және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуіне үкім шығарды. Сонымен қатар, ол мұғалімдік жұмыспен де айналыса алмайды.

sn.kz

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік