jasqazaq.kz

Арайлым. Ақ халатты абзал жан

23 қыркүйек 2025, 15:08

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәрісте тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді.
Курсқа қатысушы Жанар Әукенова жас маман Арайлым туралы ой толғайды.

Сурет: Computerworld.hu

Сурет: Computerworld.hu

Адам өмірінде мамандық таңдау – үлкен жауапкершілік. Әркім өз жүрек қалауымен таңдаған кәсібінің жемісін көреді. Солардың ішінде ең жауапты әрі құрметті мамандықтардың бірі – медицина қызметкері. Ақ халатты абзал жандардың күнделікті еңбегі – адам өмірін сақтауға, денсаулығын жақсартуға, қоғамға пайда келтіруге бағытталған.
Солардың қатарында мейірімді жүрегімен, жылы сөзімен талай жанға демеу болып жүрген жас маман – Арайлым. Ол медбике болуды бала кезінен армандаған. Бұл мамандықтың қиындығы да, жауапкершілігі де зор екенін түсінгенімен, адамға көмектесу, жақсылық жасау – оның өмірлік ұстанымы.
Медбике болу тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар үлкен жүректі, төзімділікті, сабыр мен қамқорлықты талап етеді. Әр науқастың өз тарихы, өз мұңы бар. Біреуі ауыр сырқатпен күресіп жүрсе, енді бірі жалғыздықтан қиналады. Осындай сәттерде дәрігердің емімен қатар, мейірімге толы жылы сөз де ерекше күш береді. Арайлым үшін ең үлкен бақыт – науқастың сауығып, алғысын білдірген сәті.
Жұмыстан тыс уақытында ол спортпен айналысады. Спорт – оның екінші тынысы, өмірге деген құлшынысын арттыратын қуат көзі. Дене қимылы – сергектік пен қайрат сыйлап қана қоймай, кез келген қиындыққа төтеп беруге үйретеді. «Қозғалыссыз бір күнімді елестете алмаймын» – дейді ол. Шынында да, спорт пен салауатты өмір салты медицина маманы үшін басты қағидалардың бірі болып табылады.
Арайлымның өмірлік ұстанымы – әрқашан алға ұмтылу, жаңа мақсат қою. Ол кәсібінде үздік болып, адамдарға шын мәнінде пайда әкелуді армандайды. Өйткені өмірдің мәні – біреуге жақсылық жасау, өзіңді қоғамға пайдалы сезіну. «Кейде бір ғана жылы сөз немесе мейірімге толы көзқарас адамның өмірін өзгертуі мүмкін» – дейді ол.
Жас маманның арманы биік. Ол өз кәсібін шыңдап қана қоймай, болашақта тәжірибесін бөлісіп, өзгелерге үлгі болуды қалайды. «Әрбір кішкентай қайырымды іс – үлкен өзгерістердің бастауы» деген сеніммен өмір сүретін Арайлымның адалдығы мен еңбегі талай жанға демеу болып, қоғамға үлгі болары сөзсіз.

Жанар Әукенова

Бүгін, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?