jasqazaq.kz

Қар құрсауынан құтқарылған 147 адам

23 желтоқсан 2016, 22:20

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Сондай-ақ, 23 жеңіл көлік пен 4 жүк көлігінің құтқарылғаны айтылады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «56 адам Б.Момышұлы ауылындағы Герцен мектебінің жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың 20-ы балалар. Балалар Айша бибі атындағы орта мектепке жеткізілді. Қазіргі уақытта жолдарды ашу үшін 150 дана техника жұмылды. Зардап шеккендер жоқ», — деді облыстық ТЖД өкілдері.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты Жамбыл облысындағы Айша бибі күзет орнынан бара жатқандағы «Алматы-Ташкент» тасжолы жабылды.

«Қазіргі уақытта «Күйік» пен «Шақпақ-ата» асуында алты жүк көлігі мен он екі жүк көлігі қар құрсауында қалып отыр», — деп хабарлады құтқарушылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент — Тараз тасжолында ауа райының бұзылып, ондаған жүк көлігі тұрып қалғаны хабарланған болатын. Куәгердің мәліметінше, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте екен. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұрған.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті