jasqazaq.kz

Апатта аман қалған бала: пәтердің едені жоқ

03 қантар 2017, 17:55

Шаханға туыстарына қонаққа келген Артем Гаголко төтенше жағдайдан аман қалған. Ол сол сәтте пәтердің опырылмаған бөлігінде болған.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, өкінішке қарай, қайғылы оқиғадан Артем Гаголконың әпкесі, әпкесінің күйеуі және сегіз айлық жиені қаза тапқан. Артемның айтуынша, ол сол кезде ұйықтап жатқан, бірақ кенеттен оны 7 жасар қарындасы оятып, пәтерде еден жоқ екенін айтқан. Содан Артем Шахтинске әкесіне қоңырау шалып, мұндай жағдайда сыртқа қалай шығу керектігін сұраған. Сондай-ақ, Артем сол сәтте қатты қорыққанын айтып отыр.

Осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. «Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады», — деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді