Антикор: Бюджет қаражатын игеру процестеріне мониторинг жүргізу қажет

13 қазан 2023, 10:34


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде азық-түлік қарыздарына бөлінетін бюджет қаражатын жұмсау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу, астық қоймаларын ұстау және ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мәселелері бойынша кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент субсидиялар мен ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Біздің тарапымыздан ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін бюджет қаражатын сүйемелдеу бойынша тиісті реакция қажет. Сондықтан әріптестеріміздің, әсіресе азық-түлік базалары, астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған элеваторлар орналасқан өңірлерге назар аударуларыңызды сұраймын», — деп атап өтті агенттік төрағасы Асхат Жұмағали.
Талдау нәтижелері бойынша 2021-22 жылдары субсидиялау саласында 130 қылмыстық іс тергелді. 96 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 18 түрлі деңгейдегі басшылар бар.
Асхат Жұмағалидің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып қала береді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы еліміздің көптеген өңірлеріндегі жемқорлық тәуекелдерінің картасына кіреді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қажеттіліктері үшін бөлінетін бюджеттің нысаналы мақсатының тиімділігін қадағалау маңызды.
«Бюджет қаражатын игеру процестеріне мониторинг жүргізу қажет. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қажеттіліктері үшін алынған ақша мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс», — деп қорытындылады Антикор басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді