Әнші шабандозбен әңгіме

04 қазан 2023, 15:23

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәрісте тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді.

Курсқа қатысушы Өміржан Байтековтің әнші Дәурен Тұратбекпен сұхбатын оқырман назарына ұсынамыз.

Жуырда еліміздегі ауқымды мега жоба «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәресіне жетті. Еліміздің 17 облысы мен үш қаласынан қатысқан 20 команданың ішінде Алматы шаһарының намысын қорғаған шабандоздар 14 күндік бәйгеде мәреге үшінші болып келді.
Мен өзім де бала күнімнен атқұмар болып өстім. Қазір де қолым қалт етіп, жұмыстан босаған уақытта атқа мініп серуендегенді жақсы көремін. Алматы қаласының командасында марафон-бәйгеге қатысқан азаматтардың бірі – әнші Дәурен Тұратбек. Әнші шабандоздан жарыстың қалай өткенін сұрап, тілдестік.

– Дәурен, «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесіне қалай жолың түсті?

– Өзім де бала күнімнен бәйгеге қатыстым, атбегі ағалардың тайына, есейгенде аттарына мініп, жарысқа қосылдым. Атқа ерекше қызығамын. Қазір өзі де ат баптауға бет бұрып жүрмін. Бұл марафон бәйгеге былтыр да қатысқым келді, бірақ жолым түспеді. Биыл Алматы қаласы бойынша іріктеуден сүрінбей, 1300 шақырымдық марафон бәйгені толыққанды шауып өттік.

– Өзіміз де Алматы қаласының тұрғыны болғандықтан, оңтүстік мегаполистің командасына ерекше жанкүйер болдық. Марафон-бәйгенің чемпионы атануға мүмкіндік болды ма?

– Әрине, 20 команданың арасынан үздік шығуға барымызды салдық. Бірақ біздің бір атымыз мәреге жақындап қалғанда аяғынан ақсап, уақыттан ұтылдық. Әйтпесе, чемпиондыққа таласуға болатын еді.

– Өзіңді замандастарың әнші деп біледі. Сайын далада, кең жазира төсінде әуелетіп ән салғаныңды да әлеуметтік желіден көріп қалдық.

– Иә, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін ұйымдастыру комитетінің өкілдері әлеуметтік желідегі парақшамнан менің әнші екенімді байқап, қолқалап ән сұрады. Әрбір кезеңді өндірген соң аялдап, ас-ауқат ішіп, атымызды отқа қойып әңгімелесеміз, ән айтып, би де билейміз. Сондай кезде меннен де ән сұрайды. Бойымыздағы бұла өнер бұғып қалмайды қашанда, көпшіліктің қалауына орай ән де шырқап бердім.

– Марафон-бәйгенің 13-кезеңінде қандай қиындықтар туындады?

–Сайыс болған соң сынақтардан өтетінің белгілі. Бірақ біз осындай қиындық, кедергі тап келетінін алдын ала білдік. Сондықтан қандай жағдайға тап болсақ та шыдаймыз деген ойға бекіндік.

– Келесі жылы да қатысу ойда бар ма?

– Реті келсе, іріктеуден өтсек бәрі де мүмкін. Бұл жобаның болашағы зор деп айтар едім. Сондықтан да әрбір адам қатысқысы келеді. Қазақ баласының ептілігі мен мықтылығы қатар сыналатын сынақ марафон-бәйге жалғасын та берсін деймін.

Өміржан Байтеков,
курсқа қатысушы

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді