Qanay лақап атымен көпшілікке танылған әнші Нұрболат Қанай той бизнестен енді ғана пайда тапқанын айтты. Отандық бағдарламының біріне берген сұхбатында әнші елімізде шоу бизнестің дамымағанын тілге тиек етті.
Өнер иесі: «Табыс тапқаныма бір жыл болды. Енді-енді көріп жатырмын. Алматыдан бір бөлмелі пәтер алдым. Бізде той бизнес және шоу-бизнес дейтін бар.
Той бизнес біздің қазақтың салт-дәстүрі. Ал бізде шоу-бизнес жоқ, ақсап тұр. Бізде шоу-бизнес қатты дамитын болса, менде кемі коттедж үй мен төрт Lamborghini болатын еді. Біз той бизнеске шығып, физикалық тұрғыдан шаршадық. Ал тойға шыға берсең, шабытың өліп қалады. Шығармашылық адам болғасын түсінігім осылай. Тек тоймен өмір сүретіндер бар. Мен тойға арналған әндер жаза бергім келмейді. Мен Америкаға, шетелге өтетін ән жазғым келеді», — деді.
JQ-Aqparat