Андрей Лукин: Шетелде оқыған жастар елге келіп қызмет етсін

09 қараша 2023, 13:33

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысындағы кемшіліктерді атады.
«Стипендиаттардың еңбек етуі мен оларды оқытуға жұмсалған бюджет қаржысын өтеуге мониторинг жүргізетін тиімді тетік жоқ. «Болашақ» түлектері халықаралық стипендияны беруге арналған үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес Қазақстанға оралу және мамандығы бойынша үздіксіз еңбек ету туралы талаптарды кейбір жағдайда бұзып келеді. Осындай 1 мың дерек белгілі», — деді А.Лукин.
Депутат қаржыны қайтару мәселесіне тоқталып, мемлекетке 6,6 млрд теңге сомасындағы берешек туралы статистиканы келтірді.
«Жоғарыда аталған деректер оқытудың мақсатсыз бағыттарын паш етіп отыр. Шетелде оқытылған мамандық пайдаланылмай жатыр. Бұл жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды. Сонымен қатар жоба оқу туризміне айналған. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Бұған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік жағынан тиісті үйлестірудің жоқтығы себеп болып тұр», — деді сенатор.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу