Амантай Жарқынбек: Еркектермен қоса, әйелдерді де 15 күнге қамау керек

27 қыркүйек 2023, 15:39

Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек отбасындағы дау-дамайға байланысты ер адамды ғана емес, сонымен қатар, әйелдерді де 15 тәулікке қамауды ұсынды.

Депутат елімізде бір жылда 140 мыңдай отбасы құрылса, соның 40 пайызы ажырасып кететінін айтады. Сондықтан да ол мәселеге біржақты қарамай, жауапкершілікті теңдей қарастырған жөн деген пікірде.

«15 күнге міндетті түрде қамасын деген жоқпын. Басында сөзімді мұқият қарасаңыздар, мен былай дедім: шара теңдей қаралуы керек. Жауапкершілік отбасының екі мүшесінде де қатар болуы керек. Мысалы ер адамға бір шара қолданылса, әйел адамға да сол шара қолданылуы керек деген контекстпен шыққан дүние болатын. Сондықтан, мен бұл заңды қолдаймын. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсымын. Бәріміз де отбасын ұстап отырмыз. Балалы-шағалымыз. Ер азамат ретінде әйеліне қол көтермек түгілі дауыс көтеретін азаматтарды сыйламаймын. Бірақ отбасын сақтап қалу үшін, жас отбасылардың бірден ажырасып кетуінің алдын алу үшін біз жан-жақты құқықтық және психологиялық көмекті мектеп кезінен бастау керек деп айттым. Мектептен балалар отбасының құндылығын, қасиетін ұғынуы тиіс. Бала-шағаның, өзінің тағдыры жатқанын сезінетін жүйе ұсындым», — деді депутат.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді