Аманат жүгі ауыр…

17 ақпан 2017, 14:38

«Бөтен кісі қазаққа ешқандай ештеңе жақсылық әкеп бермейді» деген еді Әлихан атамыз. Ал біз болсақ, анау бізге жылы сөз айтты екен деп, күле қарады екен деп мәз боламыз. Соны жарыса жазып, атойлаймыз. Көп дүниені жеңіл-желпі қабылдауға үйреніп алғанбыз. Сол себептен де қазаққа-қазақтың жаны ашымайтындай жағдайға келе жатырмыз.

Неліктен осылай болып жатқаны зиялы қауымға жұмбақ дүние емес. Айналамызға бір сәтке болсын, саналы оймен және шынайы көзбен қарауды ұмытпау керекпіз. Расымен де, болашақтың қамын жеп, ел тағдырына шынайы алаңдайтын күн туды. Қай елден алда болсақ та, қай бәйгеден бас жүлде алып, өзгені таңдандырып жатсақ та, ешқайсысы да біздің ертеңгі таңымызға шынайы кепілдік бере алмайды. Болашақтың ұлы керуені намысы от шарпыған жігерлі елдің асқақ рухымен жалғасын табады. Қазіргі қоғам өз бойындағы осындай құндылықтарды жоғалтып алды. Еліктеушіліктің арқасында, жат мәдениеттің жетегіне еріп кеткен халқымыздың санасын улап жатқан жат дүниелердің болашағымыз үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіне алмай келеміз. Күн сайын жаңа бір жаға ұстатар жағдайлар орын алып жатыр. Бірақ бұл бассыздықтармен күресудің орнына, керісінше, бір-біріміздің бойымыздан кемшілік іздеп, өз-өзімізді тереңге қарай батырып барамыз. Көгілдір жәшіктің ажырамас бөлігі болып кеткен азаматтарымыздың да қатары артып келеді. Сол жәшіктен күні бойы көретініміз шетелдің түрлі сериалы. Осыдан алып жатқан үлгі-өнегеміздің өзі көп дүниенің қасиетін жоғалтып жатыр. Осылай тізе берсек, түрлі жағдайлардың барлығы да бізді үлкен бір адасушылыққа алып бара жатқанын байқаймыз.
Ақиқатына келсек, алып жатқан бас бәйгелеріміз, өткізіп жатқан дүбірлі додаларымыздың барлығы дерлік қазіргі және өткен тарихтың еншісінде қалатын дүние екенін ұмытпағанымыз абзал. Ел бойындағы өр мінез бен мұқалмас жігер – болашақтың дара жолы мен іргесін қалар басты қаруымыз. Әлемді таңдандырғымыз келсе, қазақтың қазақылығына жат дүниелерге барып немесе өзге жұрттың таңсығына еліктеу арқылы емес, іргесі берік бірлігіміз бен асқақ армандарымыз бен жалынды да жігерлі рухымызбен де мойындата аламыз. Оған дәлел ретінде, Сарыарқаның бойына тұнған сазды әуенді әлем жұртшылығына жеткізіп, тамсандырып жүрген – Димаш Құдайбергенов. Қазақтың атын паш етіп, талай азаматтарды селт еткізген сері жігіттің бар жақұты халқының шын ризашылығының арқасында биікке көтерілуінде.
Өнер бәйгемізде қазақ атты алпауыт елдің асқақ айбынын танытуға бар күшімізді жұмсасақ, ұлттық тәрбиенін шын құнын бағалай алатын боламыз. Міржақып Дулатов:
«…Бүгінгі қазақ елі екі жолдың тарауында тұр. Біреуі – құлдық жолы, екіншісі – жұрттық жолы». Иә, біз жұрттық жолдың көшіне бет алып, керуенімізді ұлы мұратқа жалғадық. Дәл қазіргі сәтте көп іс-әрекетіміз тек сөз жүзінде ғана шынайы болып бара жатыр және сөз жүзінде ғана қиялдағыдай өмір сүріп жатқандаймыз. Жұрттық жолдың қандай болатынын әлі де болсын түсінбеген болармыз. Ол дегеніміз – ана тіліңді шетке ысырып, өзге тілде сөйлегенді мақтан көру емес, өз дәстүріміздің қадірін түсінбей жатып, жат халықтың мәдениетіне қызығу емес. Жас сәби көзін тырнап ашқалы естігені ананың бесік жыры, әженің ертегісі емес. Сансыз ақшаны сұрауы жоқтай желге шашып, қара басының қамын ойлап күн көру, ақшаға құнығып, үстіңдегі шүберегіңді айырбастау да емес. Осылай қатарын тізе берсең, өзіміздің қолымыздан жасалып жатқан талай қателіктің барлығы да құлдық жолға қарай сүйреп барады.
Бос қиялға және құр арманға шынымен де, беріліп кетпесек болғаны. Түбі не болар анық емес…
Осы уақытқа дейін ата-бабамыз қадірін жете түсініп, бізге аманат еткен рухани байлықтарымыз қазақ еліне Тәуелсіздік атты тәтті дәмді татуға көмегін тигізді. Тіліміздің наркескендей өткірлігінің арқасында, рухымызды оята алдық. Дәстүріміздің асқақтығының арқасында Алты Алаштың ортақ арманын тоғыстыра алдық. Қандай жағдай болмасын ұлы көшіміздің ұлы мұраттарының ұшқынын өшіріп алмау керекпіз. Ата-бабамыздың алдында мәңгі борыштармыз және ауыр аманатты арқалап жүрміз. Аманатқа қиянат жасауға әсте болмайды. Күнделікті жаңалықтан адам сенгісіз жағдайға куә болудамыз. Тіпті сол жағдайларға етіміз үйреніп кеткендей аса таңданыс білдірмей-ақ жүре беретін болдық. Тамшы тама-тама теңіз болады. Ал енді қоғамдағы сол жағдайлардың көбі дерлік ұсақ және елеусіз жағдай көрінгенмен түп-түбінде үлкен бір рухани құлдырауға алып бармасына кім кепіл? Қазаққа-қазақтың жаны ашымаса, қазақтың қамын қазақ жемесе, өзгеден күткен жақсылығымыз өзімізге қайта айналып келіп, үлкен соққы болып тиер. «Жат жұрттық ешқашан да жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады, түбі тыныш болғай» деген сөзді оқып едім бір кітаптан. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан түрлі жағдайдың басым көпшілігі ел болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан да әрбір қадамымыз бен іс-әрекетімізге үлкен жауапкершілік танытайық.

 

Тілеген Көгершін,
студент

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды