jasqazaq.kz

«AMANAT» партиясы: Референдум ашық әрі заң талаптарына сай өтті

Бүгін, 18:46

Бүгін елордада жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум аясында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының қорытындысына арналған брифинг өтті. Баспасөз конференциясында «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары, партия байқаушыларының жұмысын үйлестіруші Гүлнәр Нұрахметханова мен департамент қызметкері Арғын Теміржанов баяндама жасады.
Спикерлер бұл саяси науқан барысында азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды бақылау жүйесі құрылғанын атап өтті. Партия атынан республика бойынша 22 мыңға жуық байқаушы дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеп, барлық өңірлерді толық қамтыды.
«Бұл референдум азаматтардың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік берген маңызды қадам болды. Бақылау нәтижелері дауыс беру процесінің ашық және заң талаптарына сай өткенін көрсетті. Біздің байқаушылар желісі ел тарихындағы ең ірі қоғамдық бақылау құрылымдарының біріне айналды» – деді Гүлнәр Нұрахметханова.

Спикердің айтуынша, саяси науқан басталғанға дейін барлық байқаушылар арнайы оқыту курстарынан өтіп, тиісті дайындықтан өткен.

«Референдум алдында барлық байқаушылар арнайы оқыту курстарынан өткеніне ерекше назар аударылды. Нақтырақ айтқанда, 2-13 наурыз аралығында онлайн және офлайн семинарлар ұйымдастырылды, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау заңнамасы мен бақылау жүргізу тәртібі жан-жақты оқытылды, Дауыс беру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланғанды.» – деді Гүлнәр Нұрахметханова
Брифинг барысында Гүлнәр Нұрахметханова референдумның ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін мәлімдеді. Спикердің айтуынша, әрбір байқаушы өзі тіркелген учаскедегі жағдай туралы жедел ақпарат беріп, дауыс беру барысын тұрақты бақылауда ұстаған. Жүйелі дайындықтың арқасында партия байқаушылары кәсіби деңгейде қызмет атқарып, заңбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізді.

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді