Алуа Қонарова той әндерін шырқайтын әншілерге шүйлікті

25 қыркүйек 2023, 13:10

Продюсер Алуа Қонарова әлеуметтік желіде сахнаға, мерекелерге тек жанды дауыста ән айта алатын әншілерді шығару керек. Киноға сценарий жазатын мамандарды сынға алды.

Бұл туралы Ernur kz хабарлады.

«Қазіргі шығып жатқан фильмдерді қарап шықтым. Сценарийдің сөздері жұтаң, диалогта сөздер аз. Тіл байлық деген қалған. Сол себепті көп диалогта «пауза» бар. Сценарийстердің көбі комедия жанрына «төселіп» алған. Басқа жанрға шақырсаң, бейімделіп кете алмайды. Бәрі дей алмаймын, арасында жақсы, жас мамандар бар. Бірақ оларға тәжірибе жетіспейді. Осы жағы біздің киноматография саласының ең кемшін тұсы», -деді.

Ол сондай-ақ мемлекеттік мерекелерде, басқа да жиындарда той әндерін шырқайтын әншілерге шүйлікті. Алматы қаласының күнінде әншілер той әнімен, фонограммамен шығып жатыр. Былай істейікші, тойдың «фонерасын» тек тойға қалдырайық. Тойдағы адамдарға бәрібір, не айтсаң да билей береді. Ал ең сапалы әндерді сахнаға шығарайық және оны тек жанды дауысты айтайық. Адамдарды ақымақ санамаңыздар! Фонограммамен ән шырқауды заңмен тыйым салуды талап етемін!», — деді Алуа Қонарова.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді