Алуа Қонарова: Екі рет тұрмыс та болдым, қайта шығу ойымда жоқ

14 қыркүйек 2023, 14:55

Белгілі продюсер Алуа Қонарова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді. Продюсер қазір анасымен Түркияның Алания қаласында тұрып жатыр. Аракідік Алматыға да келіп тұрады. Оқырманға продюсердің жеке өмірі қашан да қызық. Алуа Қонарова да желі қолданушыларының сұрағына жауап беруден шаршамайды.

Оқырманның: “Неге тұрмыста емессіз? Сондай дана, сұлу әйелсіз. Әлде өзіңіздің ойыңыздағы мінсіз адамды іздеп жүрсіз бе?” деген сауалына продюсер: “Мен мінсіз адамды іздемеймін, себебі ондай адам жоқ. Мен ақымақ емеспін ғой. Екі рет тұрмыста болдым, ұзақ уақыт ер адаммен қарым-қатынас құрдым. Қазір өзіме демалыс алып, рахаттанып жүрмін. Мен ешқашан ер адамға тәуелді болған емеспін. Ешкім менің басымды ауыртпайтындықтан, өмірден ләззат алып жүрмін. Қазір тұрмысқа шығу ойымда жоқ”, – деп жауап берді Алуа Қонарова.

Продюсер бала асырап алу туралы ашық айтты. Бір оқырман: “Бала асырап алу туралы ойлаған жоқсыз ба?” деген сұрақ қойыпты.

“Қазір ол туралы ойламаймын. Өз өміріммен, өзімді күтіп өмір сүргім келеді”, – дейді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді