jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаеваның қыздары сұлулығымен жұртты тәнті етті (фото)

30 қараша 2017, 10:31

Алтынай Жорабаева төрт бірдей қызғалдағымен бірге отбасылық фототүсірілім жасап, жұртты тәнті етті. Желідегілер Сәбит пен Алтынай қыздарының сұлулығына таңдай қақты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің отбасылық фотосессия жасатуы бекер емес. Жорабаеваның екінші қызы Айнара күні кеше 13 жасқа толып, анасын бір қуантты. Бұл ретте Алтынай ортаншы қызын дүниеге келген күнімен құттықтады.

“Айнарам, ханшайымым! Туған күнің құтты болсын балапаным! Алла денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін жаным! Ең бастысы адам бол, аман бол құлыным. Ұстаздарыңның, ата-анаңның, әпке-сіңлілеріңнің, еліңнің үмітін ақтауды Алла нәсіп етсін ботам! 13 жас, мүшелге кірдің балапаным”, – деп ақ тілегін жеткізді жұлдызды ана.

Инста-оқырмандар ақылына көркі сай қыздардың анасына ұқсағанын айтып жатыр. Көпшіліктің пікірінше, Жорабаеваның үшінші қызы Семанұр әкесі Сәбит Әбдіхалықовқа ұқсаған.

Елдің басым көпшілігі Жорабаеваға: “Сізден асқан бақытты адам жоқ”, – деп қызықты. Өз кезегінде Алтынай ақжарма тілегін жеткізген жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

“Аллаға шүкір, төрт Ханшайымым, төрт құбылам! Алла тіл көзден сақтасын. Тілек -ниеттеріңізге рахмет”, – дейді ол.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда