Алтынай Жорабаева: Жылына екі рет бриллиант аламын (Видео)

30 қазан 2023, 15:20

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуінен жылына екі рет бриллиант алатынын айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады. 45 жасқа толған әнші туған күнін тек жақындарымен ғана атап өтті. Жүктілігіне байланысты әзірге жиын-той, сауық кештерін тоқтатқан.
«Биылғы туған күнімде ерекше сезімде жүрмін. Жекеменшік мерекемді отбасыммен ғана атап өттім. Жан-жарым мен қыздарым қасымда. Тілек жаудырып жатқан барлық ағайынға мың алғыс», – деді туған күн иесі.»Жыл сайын ерекше сыйлықты жолдасым береді. Биыл да соңғы үлгідегі айфон сыйлады. Осы жерде Әлішердің маған және отбасы мүшелеріне не сыйлайтынын айтып берейін: Жолдан, гастрольден келе жатсам, 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук, өзінің ата-анасына қымбат техникалар, менің ата-анамның телефонын жаңарту осы кісінің мойнында. Тіпті немере-жиен, бауырларына да соңғы үлгідегі телефон, құлаққап сыйлап жатады», – дейді әнші.
Әнші оқырмандарының: «Сіз не сыйлайсыз?» деген сауалына да жауап берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

«Өнер адамы болғандықтан, алдымен, ән арнаймын. Репертуарымдағы «Ешкімге бермеймін», «Ұнайды», «Сезім бағы» әндерін жолдасыма арнағанмын», – деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу