Алтынай Жорабаева: Үмітімізді үзген едік

21 қыркүйек 2023, 11:17

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде сәби сүюді нәсіп еткені туралы қуанышты хабарымен бөлісті.
«Алланың қалуымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі 3 жылдай қатты үміттендік. Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі жас та келіп қалды дегендей…”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші күйеуі перзент сүймей қалады деп қатты алаңдаған.

“Мені қоя берші, “Алишерге Алла бір бала берсе екен” деп қатты уайымдадым. Сонда Алишер: “Жаным-ау , уайымдама, бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, “неге балаң болмады” деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан Алла бізге ненің қайырлы екенін бізден жақсы біледі” деген соң, менің де уайымым басылды. Шынында да, Алланың өз есебі бар екен ғой. Аллама сансыз шүкірлер”, – дейді әнші.
Алтынай Жорабаева төрт қыздан кейін ұл баланың дүниеге келгенін қалайды.
“Айтпақшы, бәрібір мен пендешілікпен ұл болса деп қоямын. Ал Алишер: “Ұл ма, қыз ба, маған бәрібір. Ең бастысы, сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын” дейді. Ақ тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын”, – деп жазды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді