Танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
“Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болғасын, бүкіл заң еркектерге ыңғайлы жасалған. Ащы да болса шындық. Айналада болып жатқан жайттарды шешімдеріне қарап-ақ түсіне бересің. Сол себепті ата-аналар! Қызды “ер-азаматыңды сыйла” деп тәрбиелегендей, ұлды да “қыз баланы сыйла, қорға” деп тәрбиелеу керек. Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасы мен қоғамда тыныш өмір болады”, – деп жазды әнші.
JQ-Aqparat