jasqazaq.kz

Алтынай Жолдыбаева: Оранған қыз бірден тақуа немесе періштеге айналу керек пе?

31 шiлде 2023, 14:03

Дінге бет бұрған Алтынай Жолдыбаеваны іс-әрекеті мен сырт келбеті сәйкес келмейді деп айыптаушылар көп. Оның айтуынша, ол пластикалық отаның көмегіне жүгінбеген. Инстаграм желісінде Алтынай Жолдыбаева біраз оқырманының сауалына жауап берді.

Оқырманның: “Алтынай, шынында Алла жолында болсаң, макияж жасама, ерніңді бұрынғы қалпына келтір, кірпік жалғама. Сіз сияқтыларды түсіне алмаймын” деген сөзіне актриса: “Алла берген ерін де, кірпік те өзімдікі. Ал макияж фотосессия үшін. Сонда оранған қыз сіздер үшін бірден тақуа немесе періштеге айналу керек пе? Өзгені сөгуге дайынсыздар, иә? Алла мейірімділік берсін”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ ол Динара Сәтжанның “Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша төлейді” деген мәлімдемесін де жоққа шығарды. “Алтынай хиджаб киген соң Динара Сәтжанның сөзінің растығына көзім жетті” деп жазды желі қолданушысы.

“Олай болса, Алла жүрегіңізге хидаят берсін. Дінімізбен, Раббыңызбен және Оның аманатымен таныс болсаңыз, кім көрінгеннің әңгімесіне құлақ шала беруді доғарушы едіңіз”, – дейді Алтынай Жолдыбаева.

JQ-Aqparat

30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды