jasqazaq.kz

«Алтын Адам»: Қазақстанның №1 жыл таңдауы» сыйлықтары табысталды

19 желтоқсан 2025, 15:56

Бүгін Алматы қаласында еліміздегі ең беделді қоғамдық және кәсіби марапаттардың бірі – «Қазақстанның №1 жыл таңдауы» ұлттық сыйлығының жыл сайынғы салтанатты табыстау рәсімі өтті. Шара барысында мемлекет дамуына, қоғамға, мәдениетке, ғылым мен бизнеске елеулі үлес қосқан тұлғалар мен баспасөз ұйымдары марапатталды.


Дәстүрге айналған сыйлық кәсіби жетістікті, қоғамдық мойындауды және ел дамуына қосылған нақты үлесті бағалауды мақсат етеді. Ұлттық «Алтын Адам» фестиваль-байқауының ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Jas Qazaq» газетінің бас редакторы Сраил Смайыл 2025 жылғы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл журналисі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Марапат – қазақ журналистикасындағы принципшіл ұстаным, ұлттық мүддені қорғау, қоғамдық мәселелерді батыл көтеру жолындағы ұзақ жылғы еңбектің нәтижесі.

Сраил Смайыл, “Jas Qazaq” газеті бас редакторы: “Алтын адам” жыл таңдауы сыйлығы бойынша “Журналист” номинациясына мені лайық көрген екен. Қуаныштымын. Бұл — жалпы қазақ журналистикасына, қазақ баспасөзіне көрсетілген құрмет. Менің ғана емес, “Jas Qazaq” ұжымының еңбегі деп есептеймін.”

Артур Платонов, номинант: “Қоғамдық мойындау – әрдайым ерекше әрі қадірлі. Халық пен мемлекетке жарты ғасырға жуық қызмет еткен еңбегімнің осылай жоғары бағалануы мені қатты толқытты. Алдағы уақытта да осы сенімді ақтауға тырысамын. Көп рақмет.”

Олжас Әбдіхалық

Суреттерді түсірген автор

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады