jasqazaq.kz

Алты айда 29 878 адамды ит қапты

22 қараша 2018, 15:15

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар үй жануарларын далаға қаңғытып жібергендерді жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолданды.
ҚазАқпарат жазғандай, «Өкінішке қарай, бір бала бірнеше питбультерьердің талауынан жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған еді. Бұл кездейсоқ жағдай емес. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ресми ақпарат бойынша өткен үш жылда еліміздің аумағында иттердің шабуылынан 177 мың адам зардап шексе, ал биылдың 6 айында 29 878 адам жарақат алды. Елімізде күн сайын 160-тан астам адам иттердің шабуылына тап болады. Бұл тек ресми тіркелген сорақы жағдайлар. Көріп отырғанымыздай, жыл сайын бұл жағдайлар қайталанып, азаймай отыр. Осыған байланысты атқарушы органдар аталған мәселені ретке келтіру бойынша қашан нақты шаралар қабылдайды?» — деп тоқталды депутат Ерсұлтан Бектұрғанов. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қала және ауыл көшелерінде бос жүрген қаңғыбас иттер өте көп. Олар топ-тобымен жүріп халыққа үлкен қауіп төндіреді әрі жұқпалы аурулар тарату көзі болып отыр. Елімізде иттерге вакцина егу мәселесі де қараусыз қалған. «Қазіргі кезде кейбір ауылдарда балалардың мектепке жаяу баруы да қауіпті болуда. Әсіресе, қыс кезінде күн ерте батып, кеш шығатын уақытта иттердің оқушыларға үрей туғызып, олардың оқуға баруына кедергі болған жағдайлары да кездесіп жатыр. Оның үстіне, үй жануарларын асырайтын адамдар оларды асырау мен серуендету қағидаларын сақтамайды. Ит иелері оларды қоғамдық және балалар ойнайтын жерлерде, спорт алаңдарында серуендету кезінде тазалыққа да мән бермейді. Үй жануарлары жүрген жерді тазалап кету деген мүлдем жоқ», — деді Ерсұлтан Бектұрғанов. Сонымен қатар ол иттер мен мысықтарға арналған ұстау орындары жоқтың қасы екенін атап өтті. Үй жануарларын далаға қаңғытып жіберу де күн сайын көбейіп барады. Ол үшін иелері ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. «Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде үй жануарларын көшеге қаңғыртып жібергені үшін 25 мың еуродан басталатын айыппұл салынады, ал кейбір жағдайларда бір жылға дейін бас бостандығынан айырады», — деді депутат. Е.Бектұрғанов жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, республика деңгейінде иттер мен мысықтарды асырап, сақтауға байланысты жалпыға ортақ бірыңғай бір типтік қағидаларды бекітуді қарастыруды сұрады.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады